Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
92
Мұғалім рөлінің бұл көпқырлылығының пайда болғанына біраз
уақыт болды (Redl and Wattenberg, 1951; DES, 1967). Бұл ХІХ ғасырда
жалпы бастауыш мектептің негізін салушылар енгізген сынып же
-
текшісі жүйесінен бастау алады. Ол уақытта ең бастысы үлкен сы
-
ныпқа кішкентай балаларды жинап, оларға негізгі білім мен дағды
-
ларды тиімді меңгерту болатын. Бұл индустриялық дәуірге тән фаб
-
рика стиліндегі үлгі еді. Алайда ХХ ғасырдың аяғында
білім дәуірі
-
нің
өріс алуы, мұғалім рөлі туралы өзекті мәселені көтерді. Дәстүрлі
білім беру жүйесі көп оқушыға бір мұғалімнің ақпарат беруіне негіз
-
делген. Сыншылардың пікірінше, «көпке біреу» секілді викториан
-
дық модельді «біреуге көп» деген қазіргі заманғы жүйеге көшіру ке
-
рек, бұл оқушының көптеген ақпараттық ресурстарға қол жеткізуіне
көмектеседі, ал мұғалім сол ресурстардың бірі ғана. Мұны нұсқауға
баса назар аударудан оқытуға баса назар аударуға көшу ретінде қа
-
растыруға болады (Betts, 1992). Гилберт (2010) кітабында «Google
тұрғанда, мұғалімнің керегі қанша?» деген сұрақ төңірегінде ой қоз
-
ғайды. Бастауыш мектеп мұғалімі осы секілді сұрақтарға жауап беру
үшін ХХІ ғасырда нені білуі, не істей алуы, неге сенуі керек екенін
түсінуі қажет. Басқаша айтсақ, мұғалімнің кәсіби шеберлігі деген не?
Сонымен қатар бұл мамандықтың қалай дамығанын, одан қандай са
-
бақ алуға болатынын және мамандық қандай бағытқа бағдарланға
-
нын түсінуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: