Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
94
және мектептің практикалық тәжірибесін үйлестіріп пайдалана ала
-
ды. Қысқаша айтқанда, мұғалімдердің білімі «практикалық теория
-
ға» негізделген (Musset, 2010).
Сонымен қатар бұл елдерде мұғалім қоғамдық құрметке ие еке
-
нін ескергеніміз жөн. Жоғары мәртебеге ие мұғалім мамандығы үздік
түлектердің назарын аударады. Біріккен Корольдікте мұғалімнен кү
-
тілетін нәтиже жоғары болғанымен, олардың мәртебесі төмен болды.
Харгрейвз және басқалар (2006) мұғалімдер туралы көпшілік қауым пі
-
кірі олардың кәсіби мәртебесінің «тәжірибе», «біліктілік» және «жұмыс
сипаты» сияқты көрсеткіштерін сирек қамтиды. Кез келген әлеуметтік
немесе экономикалық келеңсіздік, мәселен, жасөспірімнің жүкті болып
қалуынан бастап, жұмыстағы әдептен тыс жағдайлар туындағанда, ал
-
дымен мұғалім сұралады. Сондықтан жоғары санаттағы мұғалімдерді
жалдау және ұстап қалу Біріккен Корольдіктегі мұғалімдер арасында
ең үлкен проблема екені таңқаларлық емес. Мықты білім беру жүйесі
-
нің тағы бір негізгі ерекшелігі педагогикалық білім беруді үздіксіз про
-
цесс ретінде қарастыратынымен сипатталады. Басқаша айтқанда, мұ
-
ғалімдерді кәсіби дамыту оларды оқыта бастаған кезеңнен-ақ
Достарыңызбен бөлісу: