Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
100
арақатынасының сақталуы секілді мәселелерге баса назар аудартып,
оларды тығырыққа тірейді. Джеффри (2002) орындаушылық мәде
-
ниет мұғалім мен инспектор сияқты олар есеп беретін адамдар ара
-
сындағы өзара жауапкершілікті жоққа шығарғанын көрсетті. Мұғалім
жауапкершілігі туралы негізгі әдебиеттерге жасалған шолу (Levitt
et al
., 2008) жұмыс нәтижесінің деңгейін анықтауда кәсібиліктің тө
-
мендеуі күн санап артып келе жатқанын анықтаған. Педагогтер бұл
мұғалімдерді оқушылардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін креативті тәсілдерді қолдануды емес, оқу бағдарламасын жүзеге
асыруды бірінші орынға қоятын буынға (бірінші буынға) қайта оралу
-
ға мәжбүрлейді деп алаңдайды. Майкл Гоув өнер мен гуманитарлық
ғылымдарды ескермей, «жаңа Викториан» оқу бағдарламасын енгізге
-
ні үшін сынға ұшырады (Garner, 2013).
Сонымен қатар қазіргі заман мұғалімі үшін өте қызық кезең
басталғалы тұр. Мектеп тарихында ешқашан білімнің барлық түрін
тез арада түбегейлі алу мүмкіндігі болмаған. Біріншіден, оқыту білі
-
гі жаңа мәнге ие болды. Қазіргі кезде
The Telegraph
сияқты ауқымды
газет XVIII ғасырдың білімді адамының алған ақпаратынан гөрі көбі
-
рек ақпаратты қамтиды (Baugh, 2010). Білім беруді өзгерту техноло
-
гиясының мүмкіндіктері жайлы көп жылдар бойы айтылып жүргеніне
қарамастан, бүгінгі таңда мұғалім мен балалар бір-бірімен және бүкіл
әлеммен бұрынғыдан да тығыз байланыста екені белгілі. Мектептерде
АКТ-ны біртіндеп енгізу оқыту мен оқудың дәстүрлі үлгілеріне күмән
тудырды. 90-жылдардың ортасында ашылған виртуалды мектептерді
қазір жергілікті билік
Достарыңызбен бөлісу: