Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет64/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Ақыл-ой және интеллект
Ақыл-ой дағдылары іс-әрекет пен ойды байланыстыратындықтан 
маңызы зор. 2.1-кестеде келтірілген модельдердің барлығы – интел
-
лект тұрақты емес, ол әртүрлі формада көрініс табады және оны өз
-
гертуге болады деген тұжырымға негізделген (Gardner, 1983; Goleman, 
1996, 2007). Жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, 
Кэрол Дюк (2006) адамның мектепте және өмірде қол жеткізетін жетіс
-
тіктері көбіне дұрыс ойлаудың жемісі екенін айтады. «Ойлау қабілеті 
тұрақты адамдар» ақылды болып көрінгісі келеді. Оларда білім алуға 
деген құштарлықтан гөрі өз интеллектісін көрсетіп қалу басым тұра
-
ды. «Ойы озық» адамдар бар күшін салса, бір нәрсе үйрене алатынына 
сенеді. Олар қиындықтан қашпайды, қателерінен сабақ алады. Озық 
ой адамның оқуға деген қабілетін жетілдіреді. Дуэк ойдың өзгеруі – бұл 
бірнеше нысананы таңдап алу емес, белгілі бір затқа басқа көзқараспен 
қарау, нақтырақ айтсақ, «бағалаушы мен бағаланушыдан» «үйренуші 
мен үйренуге көмектесуші» жүйесіне көшу деп санайды.
2.3-кестеде тұрақты ой мен озық ойдың айырмашылықтары көр
-
сетілген. Мұғалімдер мен оқушылар бір салада, мысалы, математика 
сабағында тұрақты ойлау қабілетін, ал басқа салада озық ойлау қабіле
-
тін көрсете алады. Тұрақты ойлау қабілетін көрсеткен мұғалім міндет
-
ті түрде оқытудың жағымсыз жақтарын көреді деген сөз емес. Алайда 
олар сабақта тәуекелге баруға бейім емес (әсіресе бақылауда болса) 
және өзгеріс агенті ретіндегі өзінің әлеуетті рөлін ұға бермейді.
Соңғы онжылдықта позитивті психология талантты тәрбиелеу
-
ге және жағымсыз ойларды жеңуге жеткілікті көңіл бөлінбейді деген 
алаңдаушылыққа жауап ретінде дамыды. Бұл адам жаратылысынан 
жақсы, сондықтан оның шығармашылық әлеуетін іске асыруға ниеті 
бар деген принципке негізделген. Қазіргі заманғы жағымды психоло
-
гияның атасы профессор Мартин Селигман болды. Ол қарапайым адам
-
дардың өмірін қанық түсті бояуға толтыруды өмірлік мақсаты тұтты. 
Селигман және оның әріптестері бүкіл әлемде күйзеліске түсетін көбі
-
не жастар болғандықтан, оқушыларға бақытқа жету жолдарын үйрету 
керек деп санайды.


Өзіңді таны
84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет