Өзіңді таны
76
деген сенім (NCATE, 2008). Бір қарағанда бұл жай нәрсе сияқты, алайда
идеологиялық қозғаушы күштер мен оқытуда табысқа жету үшін «дис
-
позициялық сәйкестікті (Wasicsko, 2007) қалай анықтауға болады»
деген сияқты практикалық мәселелер күдік тудыратыны жайында ай
-
тылды. Америка университеттерінің көпшілігі бұған өзін-өзі бағалау,
сыныптағы бақылау, сауалнама жүргізу, рефлексия және сценарийлік
тапсырмалар сияқты шараларды қолдану арқылы жауап берді. Кейбі
-
реулер уақытты межелеу секілді кәсіби мінез-құлық пен мұғалімнің
оқу мен оқытуға қатысты сенімін нығайта түсетін бақыланатын мінез-
құлықтың (диспозиция) ара-жігін бөледі.
Еркін елде өмір сүретін мұғалім жұмысына кіріскенге дейін неге
сенуі керек, өзін қалай ұстауы керек деген мәселелер сол күйі даулы
болып қалды. Студент өз сыныбында ұрып жазалауды қолданудың на
-
сихатталатыны туралы мақала жазған жағдай да кездескен. Колледж
оның жеке сенімдері мен бағдарлама мақсатының арасындағы айыр
-
машылықтарды сылтауратып, педагогикалық білім беру бағдарлама
-
сынан шығаруға тырысқан. Мемлекеттік апелляция соты бұл шешім іс
жүргізу кезінде студенттің құқығын бұзды деген қаулы қабылдап, ол
бағдарламаға қайта енгізілді (Wilkerson, 2006).
Біріккен Корольдікте педагогикалық білім беретін мекемелерден
3-тарауда айтылғандай, кәсіби құндылықтарды насихаттау талап еті
-
леді. Алайда мұғалімдер диспозициясы мемлекет саясатында бәлен
-
дей көрініс таппаса да, тіркеуге ұсынылған Шотланд стандарттары
мұны растап отыр. «Біздің оқушыларға білім беру тәжірибеміз құнды
-
лықтармен, дағдылармен және диспозициямен қалыптасады. Оларды
оқыту үшін жұмыс істейтіндердің барлығы өзін тануы қажет» (GTC
Scotland, 2012: 5). Англияда педагогикалық білім беретін мекемелер
ұсынылған бағалауды қолдана отырып, оларды іріктеу рәсімдерінің
бөлігі ретінде танымдық емес атрибуттарды бағалауға мүмкіндігі бар
(National College for Teaching and Leadership, 2013). Бұл – үміткерлердің
эмоцияларын бақылауын, уақытын дұрыс пайдалануын, басқалармен
араласу және қысымға төтеп беру қабілеттерін анықтауға және жеке
тұлғаға арналған тиімді тест.
Достарыңызбен бөлісу: