2.1-СЫЗБА.
Жеке тұлғаның дамуына ықпал ететін факторлар
Дереккөз:
Clements and Spinks (1996: 57) рұқсатымен басылды.
ОЙТҮРТКІ
2.1-сызбаны қарап, өзіңіздің кім екеніңізді ойлаңыз. Ұстаз ретінде сіздің діни
немесе саяси көзқарастарыңыздың маңызы бар ма? Музыка, спорт, кітап оқу
мәселелерінде талғамыңыз қандай? Мұның бәрі, сайып келгенде, жеке мәсе-
лелер ме?
Өзіндік сана-сезімді жақсартуға болатын бірқатар нақты әдіс
-
тер бар. 1950 жылдары америкалық екі психолог Джозеф Луфт пен
Гарри Ингхам өздерінің Джо мен Гарри есімдерін біріктіріп, «Джоха
-
ри» деп аталатын әдісті ойлап тапты (белгілі бір себептерге байла
-
нысты «Джохариде» тек бір ғана «р» жазылады). Мұндағы ниет адам
-
дардың өзінің тұлға ретінде дамуы, мәселен, басқаларға және коман
-
далық қарым-қатынасқа деген қатынасы туралы түсінігін жақсарту.
Джохари терезесі төртбұрыш түрінде болады, ол адамды төрт қырынан
алып көрсететін ақпаратты береді (2.2-сызба). Өзі туралы бұл ақпарат
адамға белгілі де, белгісіз де болуы мүмкін, командадағы басқалар
-
дың білуі де, білмеуі де мүмкін. Қоғамдық орында немесе ашық жерде
Мәдениет
Ата-анам/қамқоршыларым
Институттар
Дінім
Мектебім
Әлеуметтік
жағдайым
Қай жерден
келгенім
Саясат
Өмірлік
мүмкіндіктерім
Мен ұнататын
музыка
Мен ұнататын
телебағдарлама
Достарым
Отбасым
Достарыңызбен бөлісу: |