Өзіңді таны
55
құлықтың, депрессияның және отбасылық
кедейліктің балалар мен
жасөспірімдерге ықпал етуіне қарсы тұруда
көбіне алдыңғы орында
тұрады. Бұл тіпті ең төзімді мұғалімнің өзіне де қиынға соғады.
Өзін-өзі тану процесіндегі ең басты нәрсе – «Мен кіммін?» деген не
-
гізгі сұраққа жауап беру. «Жетістік барлаушысы» (Success Intelligence)
кітабының авторы Холденнің (2005) айтуынша, өзіңді тануға ұмтылу
өмірде жетістікке жетуде шешуші рөл ойнайды. Ол өзін тани алмаған
адам біреудің пайымдауындағы жетістіктің артынан қуумен өмірін өт
-
кізеді деп тұжырымдайды. Оқыту тұрғысынан алғанда ең табысты ұс
-
таз – бұл тек өз пәні мен оқушыларын ғана біліп қоймай, өзін де тани ал
-
ған ұстаз. Олардың іс-әрекетіне негіз болатын моральдық мақсаты бар.
Олар өзіне жүктелген міндетті біледі, бірақ кейбір нәрселерді әдеттегі
-
дей қабылдамай, өзгертуге дайын тұрады. Кез келген мұғалім өзіндік
рефлексия, медитация, зерттеу және кәсіби диалог арқылы өзін тануды
дұрыс жолға қоя алады. Болашаққа сапар мұғалімдерге жиі қойылатын
«неге мұғалім болғыңыз келеді?» деген сұрақтан басталады.
Достарыңызбен бөлісу: