КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕЙІК
Мұғалім болуға неге қызыққаныңызды, ұстаздық қызметтен не күтетініңізді
және қандай қорқыныштарыңыз бар екенін шағын топта талқылаңыз. Еңбек
демалысына кеткенде адамдар сіздің ұстаздық қызметіңізді қандай үш сөз-
бен сипаттағанын қалар едіңіз?
Өзімізді танып үйренейік
Үздік мұғалімдер жайындағы әдебиеттің көпшілігі мұғалімдердің
техникалық дағдылары (мысалы, сұрақ қоюы) немесе оқушылардың
оқу үлгеріміне ықпал етуін өлшеу жолдары секілді сыртқы бақылана
-
тын факторларды басшылыққа алады. Бұл – OFSTED-тің (2013) соңғы
тексеру жүйесінде қолданған бағыты. Бірақ оқыту мен оқудың өзара
қатынасын дұрыс түсіну үшін мұғалімнің жан дүниесіне тұлға ретін
-
де үңілу қажет, яғни Дэй мен Кинг Гу (2010) айтқандай, кәсіби маман
ішіндегі адамды көре білу керек. Бұл дегеніміз – мұғалімнің сенімде
-
рі мен сезімдері, оның жалпы өзіне деген, маман ретіндегі рөліне де
-
ген көзқарасы, жеке адам ретіндегі жүріп өткен жолы, сан қырлы та
-
биғаты, ұмтылыстары мен оқушы ретінде нені үйренетіні. Оқытуда
мұғалімнің кім екені, оның нені қалай оқытатыны да маңызды. Хэтти
(2012: 22): «Мұғалімнің сенімі мен өз ісіне берілгендігі оқушы үлгерімі
-
не айтарлықтай ықпал етеді,
біз бұған біршама бақылау жасай аламыз
»
(автордың курсиві).
Өзіңді таны
57
Достарыңызбен бөлісу: |