12-ТАРАУ.
Мінез-құлықты басқару ............................................................................... 486
13-ТАРАУ.
Ширату өнері .................................................................................................. 519
14-ТАРАУ.
Үздіксіз оқу ...................................................................................................... 561
9
Алғыс
Осы бір тамаша кітаптың екінші басылымын шығаруға көмек
-
тескен барша жанға, ең бастысы, рецензенттеріме алғыс айтамын.
Маған кез болған жақсы студенттер мен мұғалімдердің көптігі
сонша – бәрінің атын тізіп шығу мүмкін емес, алайда олар кітапты
парақтап отырғанда өзіне қатысты қандай да бір нәрсе көріп қалары
анық. Уэльс инспекциясының Эстинге сапары кезінде Бев Дженкинс
пен Пенни Льюис сияқты әріптестеріммен болған әңгімелер маған
ерекше әсер қалдырды. Мия, Том, Грейс және Софиге сіңірген еңбегі
үшін мың алғыс. Анам мен құрбым Елена да аса қажет кезде көмек
-
терін аяған жоқ. Олар мені жігерлендіріп, қолдап отырмағанда, осы
екінші басылымның жарық көруі неғайбіл еді. Сондай-ақ Pearson-
дағы Стюарт Хейге және соңғы уақытта баспадан шығару ісінде ба
-
рынша белсенділік танытқан Брюс Робертске, Наташа Эллис-Найтқа
және Routledge Education-ның басқа да қызметкерлеріне ризашылық
білдіремін.
|