Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет6/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Кіріспе 
Мұғалімді жақсы ұстаз атандыратын немесе өз ісінің үздігі жасайтын оның 
жүйелі білімі мен педагогикалық шеберлігі ғана емес. Бұл оның бала оқыту, 
тәрбиелеу ісіне деген адалдығы және ізденуге, жетістікке жетуге деген ұм
-
тылысы болса керек.
 (Day және басқалар, 2007: 2) 
Оқыту ең жоғары құрметке лайық кәсіп бола алады. Осыдан бірне
-
ше жыл бұрын жарнамалық науқан өткізген Мектепке арналған оқы
-
ту мен дамыту агенттігі әрбір қарапайым мұғалімнің жарты сағаттық 
сабақ барысында он рет жымиып, үш рет күлетінін, бес рет жақсы әзіл 
айтып, тоғыз рет біреуді мақтайтынын, сондай-ақ жеті мәрте кеңінен 
талқылау өткізіп үлгеретінін хабарлады. Бұл мұғалімдердің оқушы
-
ларға «ойы сергек, жан-жақты, көңілді, жігерлі және әрдайым пікір 
білдіруге дайын» деп қарайтынымен түсіндірілді. Таяуда жүргізілген 
кішігірім сауалнама нәтижелері Британиядағы бухгалтерлер, сатушы
-
лар, кәсіпкерлер мен адвокаттарға қарағанда мұғалімдердің ең бақыт
-
ты қызметкер екенін анықтады (Hall, 2013). Мұғалімдердің көпшілігі 
өз жұмысын балалардың өміріне жағымды өзгерістер енгізуге мүмкін
-
дік беретіні үшін ұнатады (NASUWT, 2013). Бұл мұғалімдердің жұмыс 
жүктемесін басқаруда, тәртіп сақтау мен жаңа бастамаларға үн қосу
-
да кездесетін қиындықтарды айналып өту үшін жасалмаған болатын. 
Оқытушылық бағалаушы мамандық болумен қатар, басқа да бірқатар 
қасиеттерді, атап айтқанда, икемділікті, батылдықты және әзілге жа
-
қын болуды қажет етеді. 
Үздік мұғалім болу үшін не қажет деген сұрақ көптен бері көп
-
шілікті алаңдатумен келеді. 1881 жылы Ливерпуль мектебі кеңесі 
бастауыш мектеп басшыларына «тәжірибе – қабілеті жоқ адамды бі
-
рінші санаттағы мұғалімге айналдыра алмайды» деген кеңес береді
(Liverpool School Board, 1881: 8). Басшыларға мұғалімдерді бірінші са
-
натты лауазымға өткізу кезінде үміткерлердің тәжірибесіне қарамас
-
тан, «табиғи қабілеті бар, жігерлі мұғалімдерге» артықшылық беру


Кіріспе 
11
керек деп тапсырылған. Нақтырақ айтқанда, кіші мектеп жасындағы 
балаларды «қамқор, мейірімді» адам оқытуы керек деген қалыптасқан 
көзқарасқа ермей, тәжірибесіз жас мұғалімдердің де «интеллектуал
-
дық қабілетін» мұқият қарастырған жөн. Сайып келгенде, Ливерпуль 
мектебі кеңесі мұғалімдердің деңгейін олардың жеке біліктілігіне, мә
-
селен, инспекторлардың көрсеткіштері мен сыныптағы нәтижелеріне 
қарай бағалауды ұсынды. 
Бір ғасыр өткен соң Парламент «Оқыту сапасының ақ қағазында» 
(1983 ж.) көрсетілген «оқушылардың үлгерімі – бұл [мұғалім] жетіс
-
тігінің өлшемі» екенінен құлағдар болды. Сөйтіп, бұл оқыту сапасын 
бағалаудың басты критерийіне айналды. Мәселен, Англияда инспек- 
торлар барлық оқушы сауат ашу мен санау дағдылары бойынша 
жылдам әрі тұрақты нәтиже көрсетсе, оқытуды үздік деп бағалайды
(OFSTED, 2014: 39). Оқыту нәтижелері сапаны бағалауда маңызды бол
-
ғанымен, бұл кітап жақсы стажер мен тәжірибелі мұғалімдердің сабақ
-
қа қандай дайындықпен келетінін білуге арналған. Сонымен, жұмысқа 
қабылдауда баса назар аударылатын қасиеттерге жеке қасиеттер, құн
-
дылықтар мен алдыңғы тәжірибелер жиынтығы жатады. Мемлекет 
қолдау көрсеткен МакБердің мұғалім жұмысының тиімділігі туралы 
баяндамасы (2000) үздік мұғалімнің кәсіби сипатын анықтап берге
-
німен, бұл өлшем бәріне бірдей келе бермейді. Мұғалімдер клон емес, 
олардың стилі әрбасқа, әрқайсысы өзінше дара тұлға, соған қарамас
-
тан бірыңғай тиімді нәтиже көрсете алады. 
Соңғы жылдары мектептер оқыту сапасын жақсартып, инспекция
-
лардың көңілінен шығуды мықтап қолға алғандықтан, үздік оқытуға 
деген қызығушылық артты, сондай-ақ үкімет те білім беруде әлемдік 
көшбасшы болу әлеуметтік-экономикалық құндылық екенін мойын
-
дады. Мұғалімдер үшін «үздік» оқытудың негізін қалаған кітаптар, 
есептер, мақалалар мен курстардың саны күн санап артып келеді.
2012 жыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет