Кәсіби білім беру қауымдасты
-
ғын
дамыту арқылы Үздіксіз кәсіби даму мен жалпы мектептік зерт
-
теуге көшуді қарастырады.
Кәсіби оқу қауымдастығының (PLCs) ықпалы халықаралық дең
-
гейде жақсы жолға қойылған және оқыту мен оқудың сапасын көте
-
руге стандарттарды арттыруға бағытталған Уэльс үкіметінің
Сапалы
мектеп жобасында
үлкен маңызға ие (Harris and Jones, 2010). Кәсіби
оқу қауымдастығының (PLCs) құрамындағы мұғалімдердің өз алдына
жеке жұмыс істейтін әріптестеріне қарағанда, сабақтары сапалы және
оқушылары жақсы нәтижеге жетіп отырғанын зерттеулер дәлелдей
-
ді (Lewis and Andrews, 2004). Үздіксіз кәсіби даму бойынша жұмыс іс
-
тейтін мұғалімдердің оқушылары басқа сыныппен салыстырғанда екі
есе даму нәтижесін көрсетіп, оқушылардың сабағына өзгеріс жасаған.
Бұл жақсы өзгерістер «әлсіз» деп сипатталған мұғалімдерде көп бай
-
қалады (Timperley
et al.,
2007). Кәсіби оқу қауымдастығының (PLCs)
жұмыстары барлық мектептерде табысты болған және оқушылардың
әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан барлығында алға
жылжу байқалған (Verscio
et al.,
2008). Кәсіби оқу қауымдастығы (PLCs)
оқушының үлгерімін жақсартудан танбайды, ылғи соған жұмыс істей
-
ді (Bolam et al., 2005). Кәсіби оқу қауымдастығының (PLCs) байланысы
(мектепаралық және мектепішілік нетворкинг) мұғалімдерге өздерінің
тәжірибесін арттыруға және үздік тәжірибелерін өзара бөлісуге мүм
-
кіндік береді.
Үздіксіз оқу
592
Достарыңызбен бөлісу: |