14.4-ҚОСЫМША. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС: МАГИСТРЛІК ДӘРЕЖЕСІ «Маманның магистр дәрежесінің болуы, оған қосымша шабыт береді» деген
нәрсе халықаралық салыстырмалы рейтингтерде жоғары балл жинап жүрген
Финляндия елінің тәжірибесінен шыққан. Фин мұғалімдерінің бәрінің магистр
дәрежесі бар. Студенттерден оқудың бір жылын университетпен әріптестікте
жұмыс істейтін даярлау немесе модель мектептерде өткізу талап етіледі. Пе-
дагогикалық білім берудің мықты зерттеу базасы бар. Мұғалімдер зерттеу-
ші және мұғалім рөлдерін біріктіруі тиіс. Магистратураның соңында олардан
зерттеу тезисін жазып, қорғау талап етіледі. Америкада мұғалімдердің жар-
тысына жуығының магистр дәрежесі бар және дәрежесін арттырған мұғалім-
дердің саны соңғы 50 жылда шамамен екі есеге артты. Алайда Сапалы оқыту
туралы ұлттық кеңестің мәліметінше, магистр дәрежесін иелену мұғалімдер-
дің сапасын арттымайды. Дәлірек айтқанда, Кеңес кейбір зерттеу жұмыста-
ры магистр дәрежесінің оқушының үлгеріміне аздап кері әсер ететінін көр-
сетіп отырғанын айтады (NCTQ, 2004). Ингерсолдың (2007: 9) 6 мемлекеттің
мұғалім біліктілігіне жүргізген салыстырмалы зерттеуінде Оңтүстік Кореяда
бастауыш мектеп мұғалімдерінің 16 пайызында ғана, ал Сингапурда 2 пайы-
зында ғана магистр дәрежесі барын анықтады. Оңтүстік Корея да, Сингапур
да әлемдік білім беру жүйесіндегі үздіктер қатарына кіреді. Магистратура
бағдарламасы Бостондағы (АҚШ) магистр дәрежесін алу үшін аптасына бір
күн курстық жұмыс жазумен айналысатын, мектептегі бір жылдық (аптасына
4 күн) тағылымдамадан өткізетін жоғары білімді даярлау курсына ұқсас.
болуы керек. Үздік мұғалім атану процесінде теория мен тәжірибе және
зерттеу туралы түсінікті дамыту қажет. Бұл сіздің қызметіңізбен қатар
жүретін процесс.