Үздіксіз оқу
586
Зерттеу қорытындыларын байланыстыру түрлерінің көптеген
мүмкіндіктері бола тұра, «білім саласындағы зерттеушілер жұмыс нә
-
тижелерін мамандарға қалай жеткізуді білмейді» деген мәселе бар
(Kaestle, 1993: 28). Коллаборациялық зерттеу жұмыстары мектептерге
қорытындыларды өзара бөлісуге мүмкіндік береді және қажетті қол
-
дау жүйесін құруға ықпал жасайды. Даддс (2001: 134) атап өткендей,
болашақтағы ерекше мұғалімдер өздерінің жоғары оқыту деңгейін
ұстанып қана қоймай, сонымен қатар өз тәжірибесін
бөлісіп,
әріптес
-
теріне
ықпал
етуі керек. Зерттеуші ретінде әрекет ететін мұғалімдер
өз қорытындылары бойынша педагогикалық кеңес, шеберлік курстар
немесе нақты курстарға арналған зерттеу тапсырмалары арқылы бай
-
ланыса алады. Байланыс форматы ізденуші студенттер немесе конфе
-
ренция делегаттары үшін 10 минуттық рефератты ұсынудан бастап,
100 000 сөзден тұратын диссертацияға дейін болуы мүмкін.
Білім берудегі басты қиындықтардың бірі – зерттеу ұсыныстары
-
на байланысты өзгерістерді жүзеге асыру (Wallace
et al.,
2008). Кейбір
мектептерде жаңа идеяларға қатысты скептицизмге салынған «өзге
-
рістерді жоққа шығару» әдеті бар. Қарсылық, әдетте техникалық, мәде
-
ни немесе саяси себептерге байланысты мұғалімдердің өзгеріс жасауға
тәжірибесі жетіспеуі мүмкін, олар идеялар мектеп контекстіне сәйкес
келмейтінін сезінеді, бәлкім, «жасырын» күн тәртібін көреді. Зерттеу
-
лер оқыту немесе оқу өзгерістерін көрсеткенде, олар мектептердің
«қалай жұмыс істеуі керек және мұғалімдер «өз жұмыстарында» қалай
еркін болуы керек?» деген тамыры терең, тіпті жасырын пікірлерге
қайшы келуі мүмкін. Жергілікті билік зерттеулер, саясат және тәжірибе
арасында делдал ретінде және мұғалімдерді зерттеулерге өз бетінше
қатысуға ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Мысалы, кеңесшілер
зерттеу саласында мүдделес мектептер арасында ғылыми негізделген
тәжірибе жүргізуде
«делдал»
бола алады (Wilson
et al.,
2003).
Сыныпта болсын, тұтас бір оқу орнында болсын, жаңа идеяларды
сәтті енгізу мұқият жоспарлауды, көре білуді, жауапкершілік пен табан
-
дылықты қажет етеді. Өзгеріс туралы жетекші америкалық зерттеуші
Коттер (1998), әріптестер пайдалы өзгерістердің болуы керек екенін
көре алатындай нақты байланыс пен жақсы үлгі алудың маңыздылы
-
ғын айтады.
Достарыңызбен бөлісу: