Үздіксіз оқу
587
келтірмеу әрі мүмкіндігінше оларға және барлық білім беру ортасына
пайда келтіру.
Зерттеудегі этикалық факторлар, әсіресе кішкентай оқушылармен
жұмыс істеген кезде өте маңызды. Бұл балаларға зиян келтірмеу, ақпа
-
ратты сенімді түрде алу, алдауға жол бермеу және мәліметтің құпия
-
лылығы мен сенімділігіне құрметпен қарау мәселелері айналасында
болады. Қатысушыларды белгілі бір мәнерде сөйлеу мен әрекет етуге
бұйыруға, мәжбүрлеуге жол берілмеуі керек. Бала құқықтары тұрғы
-
сынан қазіргі уақытта балаларға қатысу туралы шешім қабылдау мен
зерттеу бағытында және пайдалануда келісім беру құқығы сияқты
мәселелерде саналы түрде таңдау жасауды қолдайтын қуатты лобби
бар (Hill, 2005). «Оқушыларды тыңдау» тәртібі танымал болған соңғы
жылдары Робертс (2008) зерттеушілер мен мамандар балаларды «есті
-
меген» болуы мүмкін деп, оларды «тыңдау» мен олардың айтқандарын
«есту» арасында айырмашылық барын мәлімдеді. Оның айтуынша, ба
-
лалар өз өмірлеріне өздері сарапшы және зерттеушілер зерттеу жүр
-
гізгенде, олармен өзара араласу мен байланыс орнатудың оңтайлы тә
-
сілдерін табуы керек. Саясат пен тәжірибе балаларды шығармашылық
контекстер мен әдістер арқылы кеңес беруге және зерттеуге өздігінен
араластыруға ауысып жатыр (Alderson, 2008). Мысалы, бір қоғамдас
-
тықтың жоба аясында 3 жастан 8 жасқа дейінгі балалар камераны
өздері пайдаланып, балалардың тұрғын үй кешенін жақсарту туралы
көзқарастарын білуге сауалнама мен сұхбаттар жүргізді. Сосын олар
тұтас бір баяндама жасап шығып, жергілікті жиналыста билік өкілде
-
ріне көрсетті. Ойын алаңын тұрғын үй кешенінің ортасына ауыстыру
сияқты кейбір ұсыныстар қабылданды.
Балаларды фотоға, таспаға түсіру үшін мектеп, университет
және басқа да білім беру орындарында консультация беретін нұс
-
қаулық болу керек. Британияның білім беруді зерттеу ассоциациясы
(BERA, 2004) бастаған ұйымдар да зерттеу жүргізудің этикалық тәрті
-
бін жариялады. Мектеп уеб-сайты сияқты қандай да бір қоғамдық сайт
-
та тұрған барлық материалды пайдалану мәселесі болашақта ең алды
-
мен ескеретін нәрсе болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: