Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет493/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

14.3-ҚОСЫМША. 
ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ 
Сіздер балалар бейвербал байланыстарды (мысалы, ымдап сөйлеу) қолда-
нуда өте жақсы меңгергенін және бұл олардың оқуына күшті әсер ететінін 
көрсеткен дене тілі туралы зерттеуді көріп отырсыздар. Сіз сыныпқа қандай 
ойды жеткізгеніңізді және балалар оны қалай қабылдағанын білгіңіз келеді. 
Басқа екі әріптесіңіз көмектесуге дайын. Шағын деңгейлі зерттеу жобасының 
жоспарын қалай жасадыңыз?
Зерттеушілер түпнұсқа мәліметті пайдаланғанда, түрлі әдістер
-
ді қолдана отырып оның сенімді әрі жарамды екеніне көз жеткізуге 
тырысады (14.3-кесте). Сенімділік – нәтижелердің жүйелілігі туралы, 
мысалы, оқушыларға бірнеше мұғалімнен орфографиялық тест бері
-
ліп, уақыт жақындағанда бірдей нәтиже көрсетуі керек. Жарамдылық 
деп деректерді өлшеуді, зерттеудің әр бөлімінің (айырмашылықтар) 
жарамды аргумент жасауға «тұтас сай» келуін айтады. Бұл «бөлімдерді 
тексеру» ұғымымен байланысты, оның көмегімен зерттеуші мүмкін
-
дігінше тақырыптағы біріккен талдауды тексереді. Мысалы, қаралып 
болған соң, мұғаліммен болған әңгіменің транскрипциясын талдаудан 
бұрын немесе талдаудан кейін нақтылық үшін қайта тексеруге бола
-
ды, мұндағы идея – түсіндірменің қисындылығын тексеру. «Сыншыл 
достардың» көбі талдауға қатысуға шақырылып, осы арқылы зерттеу 
процесіне белгілі бір модерация ұсынылуы мүмкін. 


Үздіксіз оқу 
582
Қорытындылар диаграмма, тізбек, кесте және концептуалды кар
-
талар мен мерзімдер сияқты басқа да визуалды құралдар арқылы бері
-
луі мүмкін. Жазбаша форматтағы зерттеу туралы ойларды, тұжырым
-
дарды, жабығу мен жалығуларды жеке журналға жазып алған пайдалы. 
Сұхбат пен бақылаудың дыбыстық жазбалары цифрлық немесе видео
-
камералардың көмегімен жазылады. Мысалы, Windows Moviemaker 
сияқты компьютерлік бағдарламаны пайдаланып, сабақтың видеожаз
-
басын редакциялауға болады. Сондай-ақ мысалы, зерттеуші нәтиже
-
лерді жинақтап, подкаст арқылы аудиожазба жасай алады. Интернет 
парақшалардың көлеміне сай келуі үшін дыбыс жазылған файлдардың 
ұзақтығы бір минут немесе одан кем болғаны жақсы. 
Белгілі бір салаға қатысты ескертпелерді жазып алу, әсіресе сапа
-
лық зерттеу жүргізу үшін қажет дағды. Хоффманн (2001: 31) зерттеу 
кезіндегі ескертпе жазудың басты принциптеріне мән бере отырып 
былай дейді: «мұқият көшіріңіз, тексеріңіз, қайта тексеріңіз, егер кү
-
мән болса, барлық фактілерді үш рет тексеріңіз, барлық дереккөздерді 
жазып алып отырыңыз». Ескертпе жазудың форматы диаграмма, кон
-
цептуалды карта, мерзімді парақша және кілтсөз ескертпелері түрінде 
болады. Кейбір ескертпе жазушылар барлығын «тақырыпша мен ой
-
лардың» айналасына топтастырады. Ойларды реттеп жазу, аббревиа
-
тураларды, тақырыпшаларды, сызбаларды, бағыт сызбаларын, қосым
-
шаларды, кестелерді пайдаланудың барлығы ескертпелерді есте сақ
-
тауға жақсы көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   489   490   491   492   493   494   495   496   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет