14.4-КЕСТЕ.
Ескертпе байланыс
Аспектісі
Ғылыми зерттеушілерге нұсқаулық
Аудитория
Мақсатты аудиторияға бағытталу – оқырмандар мен тыңдармандардың көбінің уақыты аз,
сондықтан олар басты мессежді тіке, нақты әрі жинақы түрде білгісі келеді.
Нақтылық
Қысқа сөйлемдермен жазу – сарапшылардың көбі бір сөйлемді орташа 15–20 сөзбен
жазуды ұсынады. Таптаурын сөздерді қолданбау.
Анықтық
Мысалдарды, өмірден алынған тәжірибелерді немесе негізгі ойлардың иллюстрациясын
пайдалану. Жаргон сөздерден қашып, техникалық терминдер мен аббревиатураларға
түсіндірме беру.
Объективтілік
Жеке қарсылық пен кінәлаудан аулақ болыңыз. Жеке есімдік сөздерді қолданбау. Мысалы,
академиялық мақала жазғанда объективтілікті сақтау үшін «мен, менің, сен, ол, біз» сияқты
жіктеу есімдіктерін қолданбайды. «Оның...», «Мұнда...» сөздерін де қолданбау, алайда
кейде бұл мазмұнға байланысты қолданатын кездері де болады, мысалы, рефлексивті
журналда, сабақ бағалауында.
Ырықты етісте жазу
(бірінші жақ)
Іс-әрекетті білдіріп тұрған сөйлемдерде (бірінші жақтағы) жалпы ырықсыз етісті емес,
ырықты етісті пайдалану. Мысалы, Білім беру саласындағы ресми стандарттар басқармасы
мектептерді тексерді. Ырықсыз етіс түрінде – мектептер Білім беру саласындағы ресми
стандарттар басқармасымен тексерілді.
Құрылым
Кіріспе – мақсат пен негізгі бағытты анықтау
Негізгі бөлім – аргументтерді мысалдармен келтіру, әр параграфқа бір басты пікір жазу.
Қорытынды бөлім – дәлелдерді, жалпы пікірдің мазмұнын беру.
Құрылымды дұрыс ұйымдастырып, мазмұнды аша түсу үшін кесте, диаграмма,
тақырыпшалар мен басқа да визуал құралдарды пайдалану.
Контент
Оқыту мен оқудың қорытындысын талқылап, соңғы зерттеу жұмыстарына сілтеме беріп,
теориямен байланыстырып, көзқарастарға қатысты мәселе көтеріп және балама пікірлерді
ұсына отырып мазмұнды жақсы түсінгеніңіз бен меңгергеніңізді көрсету. Тиісті жерінде
сыныптағы қолданысты көрсетіңіз.
Стиль
Бір пікірден екінші бір пікірге өткен кезде ойбағдар сөздерді пайдалану. Мысалы, «Бір
жағынан...», «Ұсынылған стильдегі» грамматика, стиль және пунктуацияны сақтау үшін кез
келген университеттің немесе баспаның нұсқаулығын ұстану.
Пайдаланылған
әдебиет
Келтірілген аргументтердің барлық дереккөздерін толық жазып шығу. Мысалы, Гарвард
стилімен. Сілтемелер мен библиографияны жазғанда Refworks сияқты компьютерлік
қосымшалармен реттеп жазу. Сонымен қатар қараңыз: Pears, R. and Shields, G. (2010) Cite
Them Right, London: Palgrave.
Қатесін тексеріп оқу
(пруфридинг)
Әрдайым қатені қайта қарау – араға күндер салып қайта оқыған кезде қате-кемшіліктері
оңай анықталады. Компьютердің дұрыс жазу және іздеу батырмаларын пайдаланыңыз.
Түзеу
«Бос» сөздер мен сөйлемдерді алып тастау, жұмсақтық танытпаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |