Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет489/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

14.2-КЕСТЕ. 
Дерек жинаудың белгілі әдістері 
Типі 
Әдіс
Жетістіктер
Қиындықтар
Сандық
Сауалнама, 
сұрақ чеклисті
■ Шығыны аз
■ Сауалнама қателестіруі 
мүмкін
■ Бірден көп дерек жинап алу 
мүмкіндігі
■ Жалпылама қорытынды
■ Анонимді жауап беру нұсқасы ■ Жауаптар шашыраңқы, тіпті 
жауапсыз толтырылуы мүмкін
■ Салыстырғанға жақсы
■ АКТ көмегімен талдау
■ Статистикаларды жиі 
түсіндіріп отыруға тура келеді
■ Жинақталған сауалнаманы 
басқа ұқсас зерттеуге 
пайдалану мүмкіндігі 
Сапалық
Сұхбат 
■ Білімді респонденттен 
толыққанды мәлімет алу 
мүмкіндігі
■ Уақыт талап етеді 
(мысалы, таспаға жазылған 
интервьюлерді мәтінге түсіру). 
■ Бірдей сұрақтар бойынша түрлі 
көзқарастар жинау
■ Шебер дағдыны талап етеді 
(мысалы, сауал қою, ым мен 
дене қимылы әрекеттерін оқу) 
■ Логикалық мәселелер 
(мысалы, қайда және қашан) 
Құжаттар
■ Шығыны аз
■ Белгілі бір құжаттардағы 
деректерді қолдануға 
шектеудің болуы
■ Көбіне интернеттен оңай және 
жылдам табуға болады
■ Белгілі бір көзқарас 
тұрғысынан жазылады және 
ол «бейтарап емес»
■ Ауқымды тарихи, саяси және 
білім мазмұндарымен таныс 
болу мүмкіндігі
Бақылау
■ Көптеген мамандар бақылау 
тәжірибесін жинайды
■ Бақылаушыны біліп қойса, 
бақыланушылар әрекет 
барысын өзгертуі мүмкін 
■ Таспаға/видеоға жазып, оны 
кейінірек оқу мүмкіндігі
■ «Жасырын» бақылаудағы 
этикалық мәселелер
■ Таспаға/видеоға «жасырын» 
түрде жазу мүмкіндігі
■ Көріп тұрған мінез-құлықты 
түсіндірудің қиындығы
■ «Қалай бар, солай жазып» алу 
мүмкіндігі
■ Видеоға жазу көп уақыт алуы 
мүмкін
Күнделіктер 
мен журналдар
■ Белгілі бір уақыт ішіндегі жеке 
пайымдар
■ Келесі сұхбаттарға жақсы 
бастама болады
■ Субъективті және 
ұсынылмауы мүмкін
■ Айқындық
5. Зерттеудің сәйкес әдісін таңдау мен қолдану
Нәтижелі зерттеушілер зерттеудің мақсатымен (
неге
) барынша 
жақын, сәйкес келуі үшін әдісті (зерттеудің 
қайсысы
) мұқият қарап, 
таңдайды. 14.2-кестеде кейбір негізгі зерттеу құралдары көрсетілген. 
Бірақ шынайы зерттеушілер ұсынылған әдебиеттерде көрсетілген 
(Lankshear and Knobel, 2004; Cohen 
et al.,
2011) түрлі әдістерді де ескереді.


Үздіксіз оқу 
578
Зерттеу журналдары тәжірибелік зерттеу жұмыстарында деректерді 
жинау мен жазып алудың ең белгілі құралы. Бақылау ескертпелерін 
«дереу» тікелей журналға немесе ескертпелермен кейінірек енгізуге 
болады. Журналдың қолжетімділігі ойлар мен тұжырымдарды көп уа
-
қыттан кейін еске түсіріп, қиналып жатпай-ақ бірден жазуға болады 
дегенді білдіреді. 
Интервью мәлімет жинаудың тағы бір басты әдісі саналады. Ол 
құрылымды және мұқият жоспарланған немесе мүлдем кездейсоқ, 
бейресми әңгіме түрінде болуы мүмкін. Сұхбат өзара жақын сөйлесу 
платформасы мен сұхбат берушілердің не ұнататыны, үміті мен үрейі, 
ойлары туралы ашық айтуға мүмкіндік береді. Алайда сұхбат алушы 
сұхбат берушінің айтуға дайындалып келгенін ғана жазып алуы мүм
-
кін. Баладан сұхбат алу кейде этикалық жағынан сұрақ туғызуы мүмкін 
және бұған мұғаліммен қалыптасқан қарым-қатынас та әсер етеді. Өз 
диссертациясы бойынша барынша қабілетті бір топ оқушылардан диф
-
ференция туралы сұхбат алған стажерға 10 жастағы баланың айтқаны: 
«сіз менің осыны айтқанымды қаладыңыз деп ойладым». 
Бақылау мониторинг пен бағалауда аса маңызды, әсіресе ерте 
балалық шақта. Зерттеу тұрғысынан алғанда, бала бақылауы құнды 
мәліметтер беруі мүмкін, әсіресе белгілі бір уақыт бойы жүйелі түрде 
бақылау жүргізілсе. Баланың күнделікті ортасындағы (үй, мектеп, ба
-
лабақша және ойын алаңы) әрекетін бақылау кезінде оның іс-әрекет 
сипатындағы (мысалы, ресурстарды қолдануы және коммуникация 
дағдылары, ойын сипаты және физикалық дамуы сияқты баланың да
-
муындағы аспектілер) мәліметтері жинақталуы мүмкін. Бақылаудың 
түрлі құрылымдық деңгейі бар және зерттеушілер нені қарастырып 
отырғаны мен мәліметті жазып алуды нақты шешуі қажет. Түрлері: 
„
жаи� ғана, күнделікке немесе ескертпеге түртіп қою; 
„
арнаи�ы бір уақыттардағы оқиғаларды сипаттау; 
„
шкала мен чеклисттерді реттеу; 
„
бақыланушының кескіні; 
„
оқушының тәуелсіздігі сияқты тақырыптар бои�ынша ескертпелер; 
„
эскиздер, диаграмма немесе суреттер. 
Баламен жұмыста қатысушы-бақылаушы болған кезде, ескертпе
-
лерді байқатпай және ойынды бұзбай түртіп жазып алу сияқты мәсе
-
лелерді меңгеру қажет болады. Бақылау жұмысының пайдасы тиюі 
мүмкін, әсіресе оқушының мінез-құлқы, сапалы оқыту және сұрақтарға 
берген жауабын жазып алуда. Мінез-құлықтың жиі қайталануы мен уа
-
қыттарын жазып отыру керек. Кодтау жүйесі бақылау жұмысын жеңіл
-
детіп, жылдам жазуға көмектеседі (14.2-қосымша).


Үздіксіз оқу 
579


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   485   486   487   488   489   490   491   492   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет