Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет485/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мұғалімнің өзіндік көзқарасы
Парадигма
термині ғылыми әдебиеттерде жиі кездеседі және 
зерттеу тақырыбын қалай жүргізу туралы философиялық ойлар негі
-
зінде әлемді тану жолын меңзейді. Зерттеушілер ғылыми еңбек жаз
-
ғанда өздерінің құндылықтарына, сенімдері мен жинаған біліміне сү
-
йенеді. Сонымен қатар олар сол уақыттағы қоғамда қалыптасқан пікір
-
лерді де ескереді. Хаммерсли (2012) зерттеушілер ескеруі тиіс бірнеше 
сұрақтарды көтереді: зерттеудің мақсаты білімді арттыру ма, әлде тә
-
жірибені күшейту ме? Саяси бейтарап болғаны дұрыс па, әлде теңсіздік 
мәселесін іздегені жөн бе? Тәжірибе мен саясат тұрғысынан «қайсысы 
жақсы» екенін көрсете ала ма, әлде бұл саясаткерлер мен мамандарға 
және басқа тұлғаларға жеке пайдалану үшін түсінік берумен шектеле 
ме? Зерттеушілер түрлі әдістерді қолдануға міндетті ме? Зерттеудің 
сапасына баға беру үшін қандай критерий керек? Қолданылатын әдіс
-
теме мен перспективалардың көптігіне байланысты жақсы зерттеу 
қандай болады дегенді анықтап шығу қиын. Зерттеуді бағалау кезінде 
ескерілуге тиіс көптеген факторлар бар, олар: мақсаттың айқындығы, 
анықтамалар мен сұрақтар, сәйкес дәлелдердің болуы, кез келген мы
-
салдың үлгі сипатының болуы және туындауы мүмкін кез келген мүд
-
делер қайшылығындағы этика мәселелері. Бәрінен бұрын зерттеу бі
-
лім беру саласына елеулі өзгеріс әкелетіндей қаншалықты әділ, мұқият 
және сыни тұрғыдан жүргізілгені бағалануы керек. 
Білім беру саласындағы зерттеу жүргізуде позитивист және нату
-
ралист көзқарастар деген екі негізгі парадигма бар. Позитивизм жа
-
ратылыстану пәндеріне тән және көбіне сауалнама мен сұхбат сияқты 
статистикалық әдістерді пайдалана отырып, құбылыстарды болжау 
мен түсіндіруді қарастырады. Әдетте ғылыми әдіс күтілетін нәтиже 
қолданғалы тұрған теориямен сай келетінін, я келмейтінін тексеретін 
гипотезалардан басталады. Деректер жинау мен бақылау және мәселеге 
қатысты үлгілерді іздестіру жұмыстары жүргізіледі. 1980 жылдардың 


Үздіксіз оқу 
570
соңына дейін позитивизм білім беру саласындағы зерттеуде үстемдік 
етіп келді, бірақ оқыту жұмысына «ғылыми» өлшемдер жасау әрекет
-
тері сынға ұшырады. Кез келген оқыту жағдайларында өте көп ауытқу
-
шылықтар бар, оларды жауапкершіліктің барлық деңгейімен бақылау
-
ға алуға болады деген сын пікірлер айтылды. Солай бола тұра Поллард 
(2008) айтқандай, соңғы жылдары бұл ғылыми модель өздерінің саяси 
шешімдерін қуаттай түсуді көздеген саясаткерлер тарапынан қызығу
-
шылық тудырып отыр. Бұл оқушылар мен мектептің жетістігі және көп 
оқушыларға жүргізілген ұзақмерзімді зерттеулерді пайдалану арқылы 
жасалады. Лондондағы Білім беру институтының ұзақмерзімді зерттеу 
орталығы Британияның ұрпақтар зерттеуі туралы үш халықаралық 
ғылыми зерттеу жүргізуге жауапты: 1958 Бала дамуы туралы ұлттық 
зерттеу, 1970 Британия когорттық зерттеуі және Миллениум когорт
-
тық зерттеуі. Миллениум ұрпақ зерттеуінде 2000–2001 жылдары туған 
19 000 бала зерттеледі және мынадай тақырыптарды қамтыған: ата-
ана тәрбиесі; бала мінез-құлқы мен когнитивті даму; денсаулық; табыс 
пен кедейлік; жерлестік және этникалық (www.cls.ioe.ac.uk). 
Жеке адамның көзқарасының ескерілмеуі білім беруді ғылыми 
тұрғыда зерттеу жұмыстарындағы көп мәселенің бірі болып санала
-
ды. Бұл оқушылар мен мұғалімдердің және басқа да жеке тұлғалардың 
көзқарасына мән беріп, оны ескеретін барынша икемді интерпретивті 
модельдің дамуына алып келді. Интерпретивизм әр адамның әлем ту
-
ралы түсінігі мен ойын, көзқарасын түсінуді қарастырады. Тәжірибелі 
мұғалімдер сыныптағы жағдайлар түрлі жолмен түсіндірілуі мүмкін 
екенін біледі. Мысалы, оқушы сыныпта тыныш отырса, бұл міндетті 
түрде ол балалар мұқият тыңдап отыр және мінез-құлқы жақсы деген
-
ді білдірмейді немесе сол сияқты мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бе
-
ріп отырған бала сабақты жақсы түсініп отыр дегенді білдіре бермейді. 
Интерпретив зерттеушілер түрлі көзқарастар мен жағдайларды 
мұқият ескереді және «шындығы» қайсы екенін біледі. Гейж (2007) мә
-
селе белгілі бір саяси топтың мүддесіне қарай бұрылған кезде «саяси 
технолог» аналогиясын қолданады. Егер сайлауға аз адам келген болса, 
ол сайлаудан жеңіліс табуды ақтап алу түрінде болуы мүмкін. Мәселе
-
ні әртүрлі қырынан қабылдауға дайын болу маңызды. Интерпретивті 
модель ауытқушылықты өлшеуден гөрі кейс-стадиға бағытталатын
-
дықтан, сапалық зерттеулерге мән береді. Нәтижесінде Квал (1996) 
сапалық және сандық зерттеулер арасындағы айырмашылықтарды тү
-
сіндіруде мынадай екі метафораны келтіреді: біріншісі, жол бойы түрлі 
адамдармен әңгіме құрып, жаңа жерлерге сапарлап, жер бетін саяхат
-
тап, үйіне оралғанда көрген-білгенін айтып отыратын саяхатшыға ұқ
-
сайды; екіншісі, кен қазу жұмыстарына ұқсайды, яғни білімді шахтер
-
дың жер астынан өндіріп алуы тиіс қазына ретінде түсіндіреді. 


Үздіксіз оқу 
571
Жалпы алғанда, көп стажерлар мен қызметтегі мұғалімдер сапа
-
лық зерттеу сұрақтарын пайдалана отырып, өздерінің қазіргі жағдай
-
ларына көңіл бөлетін сияқты. Сынып сабағын сараптау мен сипаттау 
мақсаты осы ғылыми және интерпретивті екі парадигмаға ортақ. Жал
-
пы, мұғалім зерттеудің субьектісі ретінде пассив рөлде болады, ал зерт
-
теуші ретінде бақылау, сауалнама мен интервью алу арқылы мәлімет 
жинайды. Балама модель ретінде тәжірибелік немесе мұғалім зерттеуі 
маманды зерттеу барысында басты рөлге қояды. Харгрейвз (1996) тә
-
жірибелік зерттеуді мұғалімге күнделікті жұмыста орын алатын аспек
-
тілерді жаңа қырынан көрсететін және бақылау орнатушы құрал деп 
есептейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   481   482   483   484   485   486   487   488   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет