Үздіксіз оқу
568
сұрақтарды қарастыруы сияқты шағын зерттеу жобасы түрінде болуы
мүмкін. Бұл зерттеуді бір ұжымда істейтін әріптес сынып жетекшіле
-
рімен біріге отырып та жалғастыруға болады, одан әрі желілік немесе
қосарланған мектепте жұмыс істейтіндермен әріптестік орнату арқы
-
лы кеңейтуге болады. Ланкшир мен Кнобел (2004) мұғалімдер өз сы
-
ныбында зерттеу жүргізуден тартынбауы керек екенін, бірақ мектеп
қоғамын, саяси еңбектер мен әлеуметтік топтарды ескеріп, түрлі ант
-
ропологиялық, социологиялық және тарихи материалдарды қолдана
отырып жүргізуі керек екенін айтады. Соңғысына байланысты Дерек
Жиллардтың Англиядағы білім беру тарихы туралы уеб-сайтында қол
-
жазба құжаттар және оған жазылған түсіндірмелер де қамтылған жақ
-
сы материалдар бар (www.educationengland.org.uk).
Мұнда мұғалімдерге тәжірибелік зерттеу жүргізу және оны тақы
-
рыпқа сай қалай жүргізу керек деген мәселе бойынша заманауи кеңес
-
тер аз емес (мысалы,
McNiff пен Whitehead, 2006; Noffke пен Somekh,
2009).
Білім саласына арналған тәжірибелік зерттеу
халықаралық
журналы 1990 жылдардың басынан бері ғылыми мақалалар жария
-
лап келеді. Дегенмен шынтуайтқа келгенде, құйтұрқы сыни уәждерге
қарамастан, біршама мұғалімдердің тәжірибелік зерттеуді оқыту мен
үйрену сапасын жақсартуға көмектесетін құрал ретінде тұрақты түрде
пайдаланып жүргені байқалады (Burgess, 2001).
Тәжірибелік зерттеу
жұмысына көп айтылатын сындардың бірі оның «зерттеуден гөрі әре
-
кетке көбірек ұласатыны» жиі айтылады (Godfrey, 2004: 207).
Жаңа теория мен білімді дамытуда тәжірибелік зерттеудің үлесі
көп емес, МакНиф пен Уайтхедтің мәлімдеуі бойынша (2009: 2), мұнда
басымдық барынша мұғалімнің кәсіби жұмысына берілген: «Мұғалім
-
дерден «бастан кешкендері туралы» айтуды сұрайды, бірақ оған сыни
сараптама мен түсіндірме келтіру талап етілмейді».
Авторлар мұғалімдердің маңызды теориялармен құлықсыз түрде
айналысатынын айтады, дегенмен әлеуметтік және мәдени өзгеріс жа
-
сау үшін олардың дауысы өте маңызды деп біледі. Мұғалімнің зерттеу
-
мен айналысуы, әсіресе олар сарапшы
мамандармен және басқа мек
-
тептегі әріптестерімен бірге зерттеу жүргізген кездерде кәсіби даму
-
дың кепілі ретінде қарау керек.
Мұнда зерттеу барысындағы түрлі аспектілер туралы көптеген ақ
-
параттық нұсқаулықтар бар (Denby
et al.,
2008; Bell, 2010; Thomas, 2013;
NFER уеб-сайтын қараңыз). Әдетте бұлар зерттеу сұрақтарын құрас
-
тыруды, зерттеу жоспарын жасауды, зерттеу процесін және этикалық
құндылықтарды сақтай отырып жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Артур
және басқалар (2012) блогты пайдалану сияқты кейінгі зерттеу мето
-
дологиялары, өлшем әсері сияқты спецификацияларды, SPSS (Әлеумет
-
тік ғылымдардағы статистика жүргізетін компьютерлік бағдарлама)
Үздіксіз оқу
569
сияқты статистикалық бағдарламаларды
пайдалану мен метаталдау
жүргізудің нұсқаулығын қамтамасыз етеді. Көптеген университет
сайттарында және студенттер орталығында деректі қалай жинау, түр
-
тіп қою, жазып алу, деректерді сұрату мен мақала құрылымын жазуға
қолдау
көрсетіліп, кеңестер беріледі. Плимут университетінің сайты
сауалнама жүргізу мен интервью алу және кейс-стади зерттеу әдістері
-
не жақсы, жүйелі кеңестер беретін білім саласын зерттеудегі ең кешен
-
ді сайттардың бірі болып саналады (www.edu.plymouth.ac.uk/resined/
resedhme.htm). Манчестер университетінде пайдалы академиялық қор
бар (www.phrasebank.manchester.ac.uk).
Достарыңызбен бөлісу: