3.2-ҚОСЫМША. ОҚЫТУ ПРАКТИКАСЫНДАҒЫ СЫН САҒАТ
Шағын топтарда, мектепте стажер мұғалімдер айтқан оқиғаларды талқылап,
өз пікіріңізді айтыңыз:
5 жасар бала сабақта үнемі шаршаңқы әрі енжар болып отырады.
9 жасар қыз бала дене шынықтыру сабағында өз сыныптастарының ал-
дында киімін ауыстырғысы келмейді.
Әріптесіңіз сыныбыңыздағы дарынды футболшыны маңызды турнирге жі-
бермей қойды, сіз үшін бұл тым қатал шешім болып көрінді.
Бір бала басқа бір баланы түскі асының ақшасын ұрлады деп айыптады.
10 жасар бала әкесінің ұратынын айтты.
11 жасар қыз бала сізге сенім білдіріп, бір мұғалімді жақсы көретінін айтты.
Бала мектепке көбіне шашы ұйпа-тұйпа болып, кір киіммен келеді.
Сіз ойын алаңында бір топ баланың демалыс күндері көрген графикалық
видеоны қалай суреттегенін естідіңіз.
Сыныпқа жаңадан келген бала басқа баламен ренжісіп қалды.
Бала үзіліске шығып, ойнағысы келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |