балаларға зорлық-зомбылық көрсету
өте әрі
-
ден басталып, бүгінге дейін толастамай келеді. Жақында археологтар
ежелгі Египеттен табылған үш жасар қаңқаның бірнеше рет соққы алу
салдарынан сүйектері сынғанын анықтап, оның балаларға қатысты
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
113
зорлық-зомбылықтың ең көне оқиғасы ретінде тіркелгенін хабарла
-
ды. Балаларға көрсетілетін қатігездік психикалық, эмоциялық, сон
-
дай-ақ физикалық түрде де болады. Кейде мұғалімдер оңаша қалғанда
немесе сабақтан тыс уақытта өз іс-әрекетінің байыбына бармайтын
жайттар да ұшырасып жатады. Мұндай түсінбеушілік кәсіби қателік
-
тер немесе балаларға зорлық-зомбылық көрсету сияқты айыптауларға
әкеп соғады. Мұндай айыптаулар (орынды немесе орынсыз болса да)
отбасылық қарым-қатынасты бұзады, мансапқа, адамның эмоциялық
және психикалық саулығына зиянын тигізеді.
Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылықты көптеген белгілер
арқылы байқауға болады, олар: физикалық белгілер, көзге түсуге ұм
-
тылу, өзін-өзі төмен бағалау және сабаққа келмеу. Мектептерде бала
-
ларды қорғауға қатысты нақты саясат пен тәжірибе болуы қажет. Олар
балаларды қорғау бойынша жергілікті желімен ынтымақтастық орна
-
тып, ақпарат алмасуға міндетті. Сынып жетекшілері барлық балалар
өзін қауіпсіз сезінуі үшін мектеп ішінде және одан тыс жерлерде бала
-
ны қорғауда маңызды рөл атқарады (Sweeney, 1999), демек, мектептің
ішкі тәртібін анық білу маңызды.
Зорлық-зомбылыққа қатысты күдігінің бар екенін мектепке қа
-
тысы бар кез келген адам, оның ішінде балалар, ата-аналар, бала қам
-
қоршылары (қараушылары) жасырмайды. Күдігі бар болса, мектепте
арнайы тағайындалған қызметкерге, әдетте мектеп директорына, жаз
-
баша түрде айтып, қол қойып, күнін көрсетіп өткізу керек. Әсіресе құ
-
пиялықтың толық сақталатынына көзі жетпесе де, өз көзқарасын ба
-
йыппен қабылдайды деген үмітпен көңіліндегі алаңын жайып салатын
балаларға жауап беру өте маңызды.
Барнардо және балаларға қатысты қатігездіктің алдын алу жө
-
ніндегі ұлттық қоғам (NSPCC) сияқты ұйымдар ықтимал қараусыздық
пен зорлық-зомбылықтың белгілері туралы, сондай-ақ жиілеп кеткен
«
секстинг
» мәселесі секілді қиын жағдайларда қалай әрекет ету керек
-
тігі туралы пайдалы нұсқаулар береді (NSPCC, 2013). Мектептерде және
жергілікті билік органдарында зорлық-зомбылықты, сонымен қатар
мұғалімдерге қатысты айыптауларды ашудың нақты процедуралары
болуы керек (сонымен қатар ұлттық мұғалімдер одағы www.teachers.
org.uk/node/18971 сайтындағы нұсқаулықты қараңыз). 3.3-сызбада
Шотланд үкіметі ұсынған ақпараттың растығын анықтау жолдары
көрсетілген.
Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
114
Достарыңызбен бөлісу: |