Мұғалімге
тән кәсіби құндылықтар
117
ойын алаңын жабдықтау, түскі үзіліс пен дәретхананы жақсарту сияқты
мәселелерді талқылауға ғана қатысты емес. Көптеген мектеп оқушы
-
ларды басқару органдарының, қызметкерлерді тағайындау, оқыту мен
оқуды бағалау топтарының құрамына алған. Кейбір мектептер құнды
-
лықтарға негізделген білім беру бағдарламаларын
ғана сатып алады
(Hawkes, 2003; Duckworth and Gilbert, 2009). Олар бұл өзін-өзі тануды,
қоршаған орта туралы түсінік пен басқаларға деген жанашырлықты да
-
мытады деп тұжырымдайды (www.valuesbasededucation.com).
Жалпы алғанда, оқушының дауысы азаматтық тәрбиенің күшті
сипаты болуы керек. Өкінішке қарай, үкімет талдауларына қарағанда
азаматтық тәрбие беру біркелкі жүргізілмейді (DfES, 2007). Бұған мек
-
теп директорларының, мұғалімдердің сенімділігі мен дайындығының
жеткіліксіз болуы, қоғамдастық арасындағы
нашар байланыс және
оқушының өз ойын айтуына мүмкіндігі шектеулі екені себеп болуда.
Толеранттылық мәселесі көбінесе діни сипаттағы мектептерге қа
-
тысты (әдетте діни мектептер деп аталады) қарастырылады. Бұқара
-
лық ақпарат құралдарында мұсылман мектептеріндегі экстремизм жиі
сөз болады, бірақ «Жеделдетілген христиандық білім беру» қозғалысы
басқаратын кейбір евангелистік христиан
мектептері төзбеушілікті
уағыздайды (Scaramanga, 2009). «Теңдік туралы»
заң мектеп оқушы
-
ларының дінін айналып өтетіндіктен, оқушыға қолайсыз қатынастың
болуына жол бермейді. Мысалы, католик мектебінде католик дінінен
бас тартып, өзін Иегова куәгері немесе атеист деп санайтын оқушыға
қырын қарау заңсыз болар еді. Алайда мектеп талабы ретінде көрсе
-
тілген жағдайда ғана діни мектептердің өз дініне қабылдауына рұқсат
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: