Бағдарламасы аясында іске асырылды Russell Grigg becoming an outstanding primary school teacher



Pdf көрінісі
бет95/510
Дата19.03.2022
өлшемі5,81 Mb.
#136229
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   510
Байланысты:
grigg rassell bastauysh mektep mugalimi sheberlikti shyndau

Мектептегі әріптестермен жұмыс
Соңғы онжылдықта немесе қазір бастауыш мектептерде мұғалім
-
дерден басқа жұмыс істейтін ересектер саны айтарлықтай өскені бай
-
қалады. Олар: мектеп бизнесінің менеджерлері (SBMs), қамқоршылар, 
кеңейтілген мектеп үйлестірушілері, жеке репетиторлар, оқуды жат
-
тықтырушылар, ата-аналарға қолдау көрсету жөніндегі кеңесшілер 
және шамамен 232 000 мұғалім көмекшілері (ТА), оларды «аналардың 
әскері» деп те атайды. Жалпы, бұл өсу 2003 жылы мұғалімдердің жұ
-
мыс жүктемесін азайту мақсатында енгізілген жұмыс күшінің рефор
-
маларына, соның ішінде мемлекеттік саясатқа негізделген. Бұдан бы
-
лай мұғалімдерден ақша жинау, қабырғаға дисплейлер қою және мек
-
теп жабдықтарын түгендеу сияқты көптеген әкімшілік және кеңсе жұ
-
мыстарын жүргізу талап етілмейді, алайда бұл әлі де қарастырылуда. 
Сонымен қатар 2005 жылдан бастап мұғалімдерге сабақты жоспарлау, 
дайындалу және бағалау (PPA) үшін сабақ кестесінің 10 пайызы есеп
-
телетін болды.
Мұғалім көмекшілері жұмыс күші ретінде құнын ақтай ма деген 
сұрақ туындады. Зерттеулерге қарағанда, көмекшілер мұғалімнің 
стресс деңгейін төмендетіп, сыныптағы тәртіпті жақсартқанымен, 
оқушылардың үлгерімі мен дамуына аз әсер етеді (Friedberg, 2009; 
Paton, 2011). Көп жағдайда мұғалім көмекшілері оқушылардың таны
-
мын дамытудан гөрі топтық мінез-құлықты басқаруға және қойыл
-
ған міндеттерді орындауға көп уақыт жұмсайды (OFSTED, 2008). Бір 
зерттеу мұғалім көмекшілерінің қарауындағы оқушылар
 
олардың кө
-
мегіне жүгінбейтіндерге қарағанда, аз жетістікке жететінін көрсеткен 
(Blatchford 
et al
., 2009). Мұның себебі мұғалімдер көмекші қызметкер
-
ді басқаруды жеткілікті деңгейде үйренбеген, сондай-ақ мұғалім кө
-
мекшілерімен жұмыс жасайтын топтарға өз мұғалімдері тарапынан аз 
көңіл бөлінеді.
Озық командаларда мұғалім сабақты көмекшілерімен бірге жос
-
парлайды және кері байланыс арқылы өз қосқан үлесі туралы біліп 
отыруға уақыт бөледі. Өкінішке қарай, бұл жиырма мектептің біреуін
-
де ғана болады (Blatchford
 et al
., 2009). Сонымен жоспарлау мен шолу 
әңгімелері келесідей сұрақтар төңірегінде ойластырылуы керек:
„
Жоспарлау және даи�ындық: мұғалім көмекшісінің сабақтың алдын
-
да жоспарлау туралы оқып, пікірін білдіруге және қажетті ресурстар
-
ды даи�ындауға уақыты жеткілікті болды ма?
„
Оқыту мақсаттары: мұғалім көмекшісінің қолдауымен оқушылар 
қандаи� жетістіктерге қол жеткізуі керек екендігі туралы бәріне тү
-
сінікті ме?


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
123
„
Рөлдерді бөлу: мұғалім көмекшісі өз рөлін түсіне ме және бұл қыз
-
меттік нұсқаулыққа қаншалықты сәи�кес келеді? Оқушыларды қол
-
дау стратегиясы барынша түсінікті ме?
„
Бағалау: мұғалім көмекшісі оқушылармен үнемі жүргізілетін кері 
баи�ланыс пен сессия соңында оқушылардың үлгерімі туралы алына
-
тын есептен не күтілетінін біле ме? Сынып жетекшісі мұғалім көмек
-
шісімен жұмыс істеи�тін балалардың үлгерімін қалаи� бақылаи�ды?
„
Тексеру: сабақты тексеру уақыты мен неге ден қои�ылатыны келісіл
-
ген бе?
„
Мұғалім көмекшісімен жүргізілетін фидбәк: алдын ала келісілді ме 
және қандаи� да бір мақсаттар қои�ылды ма? Көмекшілердің тәжіри
-
бесі мен қарым-қабілетін барынша паи�далану үшін әркім лауазым
-
дық нұсқаулыққа саи� өз міндеттерін жақсы білуі керек.
Кей жағдайда мұғалім көмекшісі ерекше жағдайда білім алуға мұқ
-
таж балаларға жеке қолдау көрсетеді. Ондай қолдау шамамен мына
-
ларды қамтиды:
„
алдыңғы сабақтарда өткен материалдарды қаи�талау;
„
оқу мақсаттарын қаи�та қарау;
„
аудио, тактильді немесе визуалды құралдарды ұсыну, мысалы: әліп
-
би жолағы, сөзжұмбақ, кестелер алаңы, сандар алаңы, дауыстылар 
диаграммасы, тірек сөздер/құи�тырқы сөздер/жаңа сөздер, таспаға 
жазылған әңгімелер, бағдарламалық жасақтама, мини-тақта, жанкү
-
и�ерлер саны, құнды карталар, санауыштар, текшелер, пішіндер;
„
жазбаша жауаптар;
„
«ана тілін», жазу фреи�мдерін, зияткерлік карта мен диаграммаларды 
қолдану, яғни тірек құралдармен (скаффолдинг) оқыту
„
жауаптарды модельдеу
;
„
сурет, кескіндерді көрсету және қолдану;
„
өз қатарластарының көмегіне жүгіну;
„
Интернетті немесе кітапхананы паи�далана отырып зерттеу жүргізу
-
ді жалғастыру;
„
сыныппен кері баи�ланыс жүргізбес бұрын жауап беруге жаттығу;
„
мақсаттарды еске салу; 
„
дамуды көрсететін фидбәк.
«Бірге-бір» деген тұрғыдан алғанда, мұғалім көмекшісі мектеп шы
-
нымен инклюзивті болып саналуы үшін жеке оқушыларды қалай топ
-
тық пікірталасқа қосу жолдарын және тағы басқаларды білуі қажет. 


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
124
Сонымен қатар мұғалім көмекшісі оқушыларды бақылау арқылы 
бағалауда қолдау көрсетеді. Мысалы, оқушылардың тілдік дағдылары
-
ның деңгейін анықтауға көмектесе алады. Тиімді нәтиже көрсететін 
мұғалімдер көмекшілерінің нақты рөлін ашық нұсқап отырады. Мыса
-
лы, тұйық оқушыларды ауызша жауап беруге ынталандыру үшін: «Ме
-
ніңше, Рошеннің жақсы бір идеясы бар» деп меңзейді немесе үнсіз оты
-
рып-ақ, басын изеу немесе күлімсіреу арқылы қолдау көрсетеді. Олар 
сұрақ карталарын немесе бақылау парақтарын да қолдануы мүмкін. 
Мұғалім көмекшілерінің көпшілігі белгілі бір дағдылар мен тәжірибе
-
лерге сүйене отырып, нақты оқу бағдарламасын немесе бүкіл мектепке 
көрсетілетін қолдау ұсынады.
Жұмыста жақсы қарым-қатынас орнатып, оны сақтап қалу үшін 
барлық мүдделі тараптардың жігерлілігі мен сезімталдығы қажет. Мұ
-
ғалім өз көмекшісінің ниетін түсініп, оларға ниетіне сай құрмет көр
-
сетуі керек. Дэй мен әріптестері (1987) тиімді командалық жұмысты 
сипаттайтын он негізгі белгіні анықтады:
1) түйсіну
2) ілтипат
3) өзара әрекет
4) қарым-қатынас
5) жақындық
6) ашық-жарқындық
7) шынайылық
8) мотивация
9) қарама-қайшылық
10) міндеттеме.
Kомандалық жұмыс істеу дағдыларын дамыту барлық тараптар
-
дан жауапкершілік талап етеді. Ол көбінесе дағдыларды дамытудың 
төрт кезеңін қамтиды:
1) Бейсаналық біліксіздік: «Мен өзімнің бұл салада нашар екенімді 
тіпті білмейді екенмін»;
2) Саналы біліксіздік: «Мен мұны істей алмайтынымды түсіндім»;
3) Саналы біліктілік: «Мен мұны қалай істеуге болатынын білдім, бі
-
рақ әлі де ойлануым керек»; 
4) Бейсаналы біліктілік: «Мен мұны ойланбастан істей аламын, бұл 
мәселеге қатысты қиындық туындағаны есімде жоқ». 
(DfES, 2005: 3)


Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
125
Командадағы басқа адамдардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін 
біле отырып, ондағы алшақтықты күлкіге айналдырмай, қайта оған 
құрметпен қарап, жұмыс жүктемесін бөліскен жөн. Стажер мұғалім мен 
жас мұғалім өз тәжірибелерін тәжірибелі мұғалімдермен бөлісуден 
ұялмауы керек. Бәлкім, олар бұл тәжірибесін бұрынғы жұмыс орнында 
өзінің сүйікті ісімен айналысу нәтижесінде немесе университет курс
-
тарына қатысу арқылы жинаған болар. Ол дағдылар мен тәжірибелер 
шет тілін еркін меңгеру, жоғары музыкалық қабілет, актерлік шебер
-
лік, коучинг, компьютерлік ноу-хау немесе бизнес-сектор дағдылары 
болуы мүмкін.
Қамқор әрі сыпайы мұғалім әріптестерінің сезімдерін де ескереді. 
Мұғалімдер күні бойы аса көп қарым-қатынасқа түседі, ал кейде сабақ
-
қа барар жолдағы, мұғалімдер бөлмесіндегі, ойын алаңындағы немесе 
мектептен кейінгі қысқа, бейресми ой бөлісу әріптестердің көңіл-кү
-
йін әжептәуір көтеріп тастайды. Дэй және басқалардың (1987: 42) көр
-
сетуінше, «Командалық жұмыс жақсы жолға қойылған мектептерде 
мұғалімдер бір-біріне күлімсіреп, бірге шат-шадыман болып жатады, 
бір-бірін тыңдауға және бір-бірінің жұмысына көбірек араласуға уақыт 
бөледі». Командалық жұмыстың ең басты ерекшелігі – бір-біріне ашық 
әрі адал болуға дайын болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   510




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет