Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
126
көзделді. Олар: әрбір баланың дені сау, өмірі қауіпсіз, өмірден ләззат
алуы керек, оң үлесін қоса алуы қажет
және экономикалық әл-ау
-
қаты жақсы болуы тиіс (DFES, 2003). Жаңа «Sure Start» атты балалар
орталықтары және «толыққанды қызмет көрсету мектептері» ашыл
-
ды, онда таңғы ас, мектептен тыс клубтар, бала күтіміне,
денсаулы
-
ғына қатысты және басқа да әлеуметтік қызметтер ұсынылды. ӘБM
күн тәртібі балаларды қорғау мәселесін балалардың өмірін жақсарту
деңгейіне дейін көтерді. Осындай модель Шотландияда да дайында
-
лып, ол
әрбір бала үшін қолжетімді
болды (Scottish Government, 2008).
2004 жылғы Балалар туралы заң жергілікті атқарушы органдарға се
-
ріктестік жұмысын үйлестіруді міндеттеп, ӘБМ күн тәртібін күшейт
-
ті. Өкінішке қарай, Питер Коннелли атты бала елуден астам жарақат
алып, қайтыс болғаннан кейін, осындай оқиға қайталанбас үшін 2007
жылы ӘБМ қызметі қайта қаралды.
ӘБM сыншылары мұны онсыз да жүгі ауыр мектептерге артық бю
-
рократия жүктейтін Лэминг тергеуіне асыра жауап беру деп мәлімдеді.
Бұрынғы білім беру министрі Майкл Гоув ӘБM күн тәртібін «жалықты
-
ратын» деп сипаттады (quoted by Stewart, 2012). Содан бері ӘБМ-ның
бес нәтижесі алынып тасталды да, оның орнын стандарттарды басшы
-
лыққа алатын «балалардың жетістікке жетуіне көмектесейік» баста
-
масы басты. OFSTED-тің жаңа тексеру жүйесіне сәйкес мектептер енді
оқушылардың рухани, адамгершілік, әлеуметтік және мәдени дамуы,
оқушылардың «саламатты өмір салтын ұстанатыны» және «мектеп
пен тұтас қоғамның дамуына үлес қосатыны» бойынша бағаланбайды.
Бұдан былай ӘБМ үкіметтің басым бағыттарының бірі болып саналма
-
са да, басқа мамандармен, ата-аналармен тиімді жұмыс қатынастарын
дамытудың балалар үшін пайдасы зор.
Зерттеулер (Atkinson
et al
., 2007; Cheminais, 2009)
табысты ве
-
домствоаралық серіктестіктің келесі сипаттарын анықтады:
сенім мен өзара құрметке негізделген жұмыс қатынастары;
бірлескен меншікті қамтамасыз ететін үлестірілген басшылық;
ортақ
мақсаттар мен міндеттер;
тиімді қарым-қатынас стратегиялары;
барлық тараптардың, оның ішінде ата-аналардың, балалардың мін
-
деттері мен атсалысуы;
бірлескен
оқу шаралары;
бірлесіп қарау және бағалау;
кездесулер өткізуге қолаи�лы орындар.