Мұғалімге тән кәсіби құндылықтар
119
(
in
Wicked World
, Puffin, 2000). Балалар ағылшын, шотланд, ирланд
және валлийлер арасындағы қарым-қатынасты спорт, музыка, тіл және
саясат сияқты контексте талқылай алады. Жаңалықтарда балаларды
қызықтыратын бірегейлік мәселелері бойынша үнемі пікірталастар
болады. Мысалы, Англия футболшысы Джек Уилшердің «Англия үшін
ойнауы керек адамдар болса – бұл ағылшындар» деген пікірі отқа май
құйғандай болды (Fifield, 2013). Британия әрдайым көп мәдениетті қо
-
ғам болды, сондықтан балаларға этникалық аз ұлт өкілдерінің өз елді
мекендерінің және жалпы ұлттың тарихын жасаудағы үлестері туралы
қоғамдық жобалар арқылы білуі өте маңызды (Grigg and Hughes, 2013).
Достарыңызбен бөлісу: