С витамині (аскорбин қышқылы). Бұл витамин жетіспесе қырқұлақ (цинга) ауруы пайда болады.
Қантамырларының серпімділігі төмендегендігенен қырқұлақпен ауырған адам қансырайды, қызыл иегі
қанағыш келеді, иммунитет төмендейді. Аскорбин қышқылы көкөністерде көп болады. Тәуліктік қажет
мөлшері 50 мг.
Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немесе рахит ауруы пайда болады.
Мешелмен ауырған балаларда кальцийдің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан сүйектері
дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектері жұмсарып борпылдақ болады, дене салмағын көтере алмай аяқ
сүйектері қисаяды.
Д витамині ультракүлгін сәулесінің әсерінен провитаминнен теріде өндіріледі. Күннің ультракүлгін
сәулесі терезенің шынысынан өтпейді, бірақ киімнен өтеді. Сондықтан балаларды қыстың күні болса да
дала шығару керек.
Д витамині сары майда, жұмыртқаның сары уызында, бауырда көп болады.