ылғалдандырғыш ерітінділерді (тұз, глюкоза) немесе рН шамасын тексеріп тұратын
түзеткіштерді (аммиак суы), сүзу және центрифугалау, жылумен өңдеу, әртүрлі
дезинфанттарды, гамма-ультракүлгін сәуле сияқты әдістерді қолданады.
Ауаны залалсыздандыру
. Қаланың ауа бассейнінде микроорганизмдердің орташа
концентрациясы 10
3
– 10
4
м
3
(клетка). Микробиологиялық заводтар орналасқан жерлерде
олар едәуір көп кездеседі. (10
9
– 10
10
м
3
) клетка. Ауа микрофлорасының спекторы түрліше,
бірақ барлық жағдайда микроорганизмдердің құрғақшылыққа және күн сәулесінің
радиациясының әсеріне төзімді топтары тіршілік етеді. Ауаны залалсыздандыру үшін екі
тәсілді қолданады:
1).
Ауада жүрген майда бөлшектерді жою.
Қазіргі кезде тазартудың өте-мөте тиімді және жан-жақты әдістері мен технологиялық
залалсыздандыруды, мысалы, желдеткіштер ауасын тазартқанда, саңылауы бар үйме
қабаттардан өткізіп сүзу немесе талшықты материалдарды қолдану арқылы орындауға
болады.
2).
Микроорганизмдерді ауадан тазартпай-ақ тұрып құрту.
Бұл үшін жоғары
температурада, әртүрлі сәулелерді және т.б. қолданады.
Егер сұйықтық көлемі үлкен болмаса, белсенді заттарды культуралық сұйықтықтан
бөлу үшін жүйелі әсер ету экстрактылары пайдаланылады.
Дегенмен, өндірісте үлкен
көлемдегі сұйықтықпен жұмыс жасалады, сондықтан белсенді заттарды жоймас үшін
тездетіп өңдеу қажет болады. Сондықтан да экстрактор - араластырғыштар және циклон
типіндегі фазалық эмульсия бөлгіштер, орталық жинақтау сеператорлары, ашытқы
саңырауқұлақтарын айыру сеператорлары, ал антибиотиктер өндірісінде де кешенді
экстрактор-сеператорлар қолданылады. Бұндай қондырғыларға экстрактор - сеператор
«Россия» - ны жатқызуға болады.
Ион алмасу, айдау,
ректификация, буландыру, криссталдау және басқа да үрдістерді
микробиология өндірісінде жүзеге асыру үшін химиялық технология қондырғылары
қолданылады. Белсенді заттарды кептіру үшін көбінесе лиофилизация немесе температура
әсеріне тұрақты – кептіру құралдары пайдаланылады.
Іріктеп салу бөлімдерінде қатты заттарды ұнтақтайтын және ыдыстарды даярлауға және
маркерлеуге арналған автоматтар пайдаланылады.
Микробтық синтез процесін басқару
. Ферменттік катализатор немесе клеткалар
популяцияларының белсенділігі мен тіршілігінің пайдалы уақыты, оларды қоршаған
ортаға
байланысты.
Сондықтан
биореакторларды
тиімді
пайдалану
үшін
катализаторлардың қасиетіне тигізетін олардың әсерін бақылау және білу қажет. Бұның
бәрі популяциядағы клеткалардың күй-жағдайларын өне-бойы бақылап отыруға және орта
мен
газдың физикалық, химиялық параметрлерін анықтауға арналған детекторы бар
биотехнологиялық өндірісті аспаптармен жабдықтау арқасында мүмкіндік болды.
Зертханада
кішігірім қондырғылармен ауаның көлемін, шапшаңдығы мен
температурасын ғана өлшей алады. Зертханалық ферментер (реактор) 1-суретте
көрсетілген.
Сурет - 1 - Зертханалық ферментер
Жұмыс процестерін үлкен реакторларда жүргізгенде өне-бойы температураны,
қысымды, араластыруға кеткен қуатты, араластырғыштың жылдамдығын, ортаның
тұтқырлығын, газ және сұйық фазалардағы көлемдік жылдамдығын: көбіктің түзілуі және
реактордағы заттың көлемі мен массасын анықтауға болады. Ал
популяция болса, өсіру
кезінде суспензияның оптикалық тығыздығын өлшеу арқылы оның концентрациясын
бақылауға болады. Сонымен қатар, ультракүлгін сәулемен (366 нм) оның клеткаларын
өңдегеннен кейін НАД және НАДФ (460 нм) тотықсызданған флуроесценцияланған
формасының метаболиттік жағдайын тексеруге мүмкіндік туады.
Деректерді жинап, оларды талдау және оған түсініктеме беру, биотехнологиялық
процестерді басқару мен оны үйлестіруде ЭЕМ-ды, компьютерлік техниканы қолдану
едәуір жеңілдік келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: