Биореакторларды жүйелеу



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата26.03.2022
өлшемі0,5 Mb.
#136906
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 дарис


 
Клеткалардың өсуі мен бөлiнуiнiң өзара тығыз 
байланыста болуы барлық прокариоттарға тән ерекшелiк. Әдетте, бұл екi процестi айыру 
және бөлек зерттеу өте қиын. Бiрақ та өсу процесiне қарағанда бөлiну процесi оңай 
бұзылады. Сондықтан бұл процеске үлкен мән бередi. Бактериялар жыныссыз жолмен 
көбейедi. Оның екi түрi бар: 1 - қарапайым бинарлы жолы; 2 – бүршiктену арқылы. 
Қарапайым көбеюдiң өзi бөлiну әдiсiне қарай тағы да қалқанша жасалуы және клетканың 
тартылуы (созылуы) арқылы болып екi түрге бөлiнедi. 
Қалқанша арқылы грам-оң және көптеген грам-терiс бактериялардың клеткалары 
бөлiнедi. Олардың бөлiнуi кезiнде клетканың ортасында, цитоплазма бiрiне - бiрi қарама - 
қарсы жақтарынан iшке қарай иiлген жерде, қалқанша түзiлуi басталады. Екi жақтан өсiп 
келе жатқан қалқанша қосылғаннан соң екi бiрдей клетка пайда болады.
Кейбiр грам-терiс, яғни iшек бактериялары (
E.coli
) тартылу арқылы бөлiнедi. Клетка 
қабықшасының элементтерi синхронды (бiр уақытта) –клетка тартылады да, ортасынан 
буылып екiге бөлiнедi.
Бүршiктену жолымен көбейгенде, аналық клетканың бiр немесе екi шетiнде бүршiк 
пайда болады. Оның мөлшерi аналық клетканың мөлшерiне жеткеннен кейiн бүршiк 
бөлiнiп кетедi. Бұл жолмен ашытқылар, 
Blastobacter 
мен 
Pasteruria
туысына жататындар 
көбейедi. Бүршiктердiң басқа түрлерi де бар. Кейбiр фототүзүшi Rhodopseudomonos 
туысына жататын бактерияларда аналық клетканың бiр полюсында қысқа, жуан өсiндi 
пайда 
болады. 
Ал 
Hyphomicrobium 
(гифомикробиум) 
және 
Rhodomicrobium
(родомикробиум) туыстарына жататын бактерияларда клетканың бiр полюсында жiп – 
жiңiшке ұзын гиф өседi, оның шетiнде жаңа клеткаға айналатын бүршiк өседi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет