66
әңгiменi қосындысы жаңа мазмұнмен көрiнуi болып табылады. Бұл жағдайда
белсендi рөлде сөз және балның қиялы орын алады. Бұл жұмысты жүзеге
асыру барысында басшылықты ересек адам алуы қажет. Балалармен ойлап
шығару және түрлi жоспар жасауға болады:
-
ескi заттың жаңа үлгiсiн ойлап табу;
-
өзiн немесе отбасы мүшелерiн жанды не жансыз затқа айналдыру;
-
өзi жайлы ертегiлер қиялдап құрастыру;
Дәстүрден тыс тәсiл балаға ертегiнiң немесе ертегi кейiпкерiнiң қандай
қасиетi жақсы екендiгiн, қандай қасиетi жаман екендiгiн, жаңа жағыдай
тудыруға, қай жерде ертегi кейiпкерiнiң түзелуiне болатындығын,
мейiрiмдiлiктiң жеңетiндiгiн, қатiгездiктiң жазаланатындығын, тек қатты
және адамгершiлiк қағидаларына қарсы емес мысалдар арқылы түсiндiруге
мүмкiндiк бередi.
Құрастырушы ойдың негiзi болып: адамның жағыдайын жақсарту үшiн
барлық нәрсенi жетiлдiруге, өзгертуге, жақсартуға болатындығы баланың
шығармашылық ұраны болуы керек. Бiздiң негiзгi мақсатымыз -
адамгершiлiкке тәрбиелеу. Толып жатқан тәрбиелеу мен тәсiлдерде ертегi
соңғы орнын алмайды. Көп себептерге байланысты балалар қаһарманды
жақсы көредi, ол жақыны болып кетедi, оны үлгi қылады. Осы салада
адамгершiлiк тұрғысындағы маңызды сәттерге назар аударамыз.
Яғни,балалар салыстырады, дәлелдейдi. Бұл ойды жүзеге асыруда «Жақсы-
жаман» ойынын пайдалану тиiмдi. Ауызша сөйлеу мәнерi мынаған
бағытталған: «Тiлдiк жаттығу» Бiрiншiден сұрақтар қоя бiлу. Ауызша
сөйлеумен бiрге арнайы оқыту қажет. Бұл жоспарда сөздердi құрастыру,
сөзтiркестерi, сөйлем құруға үлкен мән берген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: