1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


 Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар



Pdf көрінісі
бет22/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

2. Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар. 
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысының өзінің программасы
жаттығу түрлері сондай-ақ әдісі болады. 
Балабақшада жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынадай 
мақсаттарды көздейді. 
1. Балалардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр 
нәрсені салыстыра отырып, олардың арасындағы айырмашылықтар мен 
ұқсастықтарды ажырата білу және оларды жинақтап, өз беттерімен 
қорытынды жасай білу. 
2. Балалар қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сезімін, ойын дұрыс айтып 
және жазып бере алатындай дәрежеге жетуі тиіс. 
3. Қазақ тіл ғылымының зерттеу жұмыстарының негізінде балалардың
жазу тілін дамытуға, сөйлеу шеберліктерін жақсартуға септігі тиетін 
жұмыстарды, әсіресе мазмұндама мен шығарма жазу жұмыстарының оңай 
да тиімді жолдарын іріктеп ұсынып, оларды орындату. 
4. Тіл дамыту жұмыстары арқылы балаларды өз Отанына шын берілген 
патриот, бір-біріне достық, бауырластық сезімге, коммунизм құру жолында 
саналы да, белсенді еңбек етуге тәрбиелеу. 
5.Балаларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырлы, көркем де 
нәзік сөз байлығын қолдана білуге, оны сезініп құрметтей білуге тәрбиелеу. 
Тіл дамыту жұмысына қойылатын талаптар да балаларға білім 
беру,іскерлікке үйрету және олардың білімін дамыту мақсаттарын көздейді. 
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір
методикалық талаптарға сүйенеді. 
Балалардың тілін дамыту жұмысы мектептерде негізінен балаларды 
мазмұндама мен шығарма жазуға үйрету арқылы орындалатын 


74 
болғандықтан, бұл жұмыстарға қойылатын методикалық талаптарды 
көрсетелік. Ол талаптардың негізгі бастылары мынадай: 
1. Берілген тақырыптың мазмұнын ашып көрсете білу, бла өзінің жинаған 
материалын, берілген тақырыптағы негізгі ойды анықтайтындай етіп 
іріктеуі қажет. 
2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.Жұмыстың мазмұнды болуы да 
материалды жинау , негізгілерін түсініп,іріктеп ала білуіне байланысты. 
3. Бала түсінгенін ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде 
баяндауға тиіс. Алдын ала синтездеу жұмысы дұрыс ұйымдастырылып, 
саналы түрде өткізілуі қажет. Бала әуелі не жөнінде, одан кейін нені 
айтатынын толық синтездеп, жоспар жобасын жасап алуға тиіс. Сөз, сөйлем 
қалдырып кетіп, ойдың күрт үзіліп, байланыссыз қалуынан сақ болған жөн. 
4. Балалар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл анық білдіретіндей етіп 
іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс. «Мәншүк» тексі бойынша мазмұндама 
жазғанда, жаудың жаңбырша жаудырған оғы деген тіркесті сол қалпында 
беруге тырысып, жаудың тамаша жаудырған оғы деп жазған. Мұндай 
қателерге жол бермеу үшін сөз іріктеу, сөйлем құрастыру т.б. тексті
анализдеу, синтездеу жұмысына дұрыс мән берген жөн. 
5. Артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы 
сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуға тиіс. 
6. Бала сөйлегенде болсын сөйлемдерді белгілі формада (тұлғада) 
құрастыратын болсын. Яғни бір сөйлем өткен шақта, екінші бір сөйлем 
келер шақта тұрмасын. 
7. Балалардың жазба жұмыстарында ауызекі сөйлеуде қолданылатын 
сөздердің болғаны дұрыс. 
8. Жазба жұмыстарын жетілдіруді міндетті түрде меңгерген болуға тиіс. 
Жұмыстарының орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық қателерін бала 
мұқият қарап, тексеріп шығатын болсын, мұнда тіпті кейбір қате 
құрастырылған сөйлемдерді де жөндеуге жол беріледі. 
Сөйтіп, балабақша балаларының тіл дамыту жұмыстарына қойылатын 
негізгі методикалық талаптардың негізгілерін айттық. Тіл дамыту 
жұмыстарын жүргізу барысында басшылыққа алынады. Алдымен тіл дамыту 
дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары 
қандай, енді соған келейік. 
«Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, 
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл 
және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен 
қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл 
материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттейді. 
Қазақ 
тілі 
мен 
әдебиетіне 
арналған 
бағдарлама: 
«...тіл 
дамыту 
жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы- 
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша 
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд- 
епті сейлеуге дағдыландыру»,—десе, тілді меңгеру сөз мағынасын білумен 


75 
шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану 
үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. 
Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, 
адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты 
және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін 
дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес. 
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесінің міндеті балаға тек білім беру ғана 
емес, сонымен қатар, әр түрлі дағдылар қалыптастыру болып табылады. 
Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңыз алады. Ол іске 
шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының нәтижесінде адам 
санасы қызметті түпкілікті, шешуші кезеңдерінде жұмылдырылады. Бұл 
жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. 
Тіл дамыту деп — балаға тіл заңдылықтарын үйрету, тіл 
материалдарымен ойлау операцияларын жасауды және оқу дағдыларын 
қалыптастыруды айтамыз. 
Дамыған тіл деп сипаты жағынан мазмұнды, көркем әдеби тіл нормасына 
сай, өзара дұрыс байланысқа түскен (грамматикалық, логикалық), аз сөзге 
көп мағына сыйғызатын, айтқанда орфоэпиялық, жазғанда орфографиялық 
ережелерді сақтайтын тілді айтамыз. 
Енді тіл дамытудың алғышарттарына келейік. 
Баланы қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы күш 
мотив—оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамдар 
өмір сүру үшін тамаққа, киімге, қарым-қатынасқа т.б. да толып жатқан 
қажеттерін қанағаттандыруға тиісті.
Қажеттіліктер адам бойындағы белсенділік сезімін оятады. Мысалы: үш 
жасар сәби анасына бір нәрсе жайында айтқысы келді дейік. Бірақ анасы 
оның тәтті былдырынан еш нәрсе түсінер емес. Баланы сөйлеуге, қарым-
қатынасқа итермелеп тұрған оның өзіне ғана белгілі ішкі қажеттілік. 
Алайда ойын жеткізуге сөздік қоры тапшы. Бұл жерде бала сөйлеуге 
мұқтажданды, яғни оны анасымен қарым-қатынас жасауға итермелейтін 
күш туды. Қажеттілігі мен мүмкінділігінше арасында қарама-қайшылық 
пайда болды. Осы қайшылық баланы тіл үйренуге үнемі жетелеп отырады. 
«Адамның санасы да, тілі де қажеттіліктен пайда болған. Егер адамдарда 
мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да болмас еді», — дейді академик 
Т.Тәжібаев
.
Адамның қажеттіліктері: материалдық, рухани және қоғамдық 
қажеттіліктер болып үшке бөлінеді. Материалдық қажеттіліктер адамның 
өмір тіршілігінің негізіне байланысты Рухани қажеттіліктер танымдағы 
және эстетикалық ләззатқа қажеттіліктер жатса, қоғамдық қажеттіліктерге 
еңбекке, адамдармен қарым-қатынасқа деген қажеттіліктер жатады. 
Тіл үйренудің қалыптасқан өз заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтардың 
тілші ұстаздардың білуі оқу-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруға септігін 
тигізеді. 


76 
Психологиялық зерттеулерде балалардың жас шамасына қарай сөздік 
қорының түрліше болатындығын көрсетілген. Жас шамасы қаншалықты 
есейген сайын сөздік қор белгілі бір деңгейге жеткен соқ, жаңа сөздерді. 
талғап-таңдап қабылдайды. А.М.Ким бұны тіл үйренудің заңдылығы деп 
танып, төртке беледі. 
Бірінші заңдылық бойынша, балалардың сөздік қоры бір-келкі 
дамымайды, тілі шыға бастаған балалардың сөздік қоры өте баяу 
жетіледі. 
Екінші зандылық бойынша сөздік қоры 300-ден асқан бала айналадағы 
қоршаған дүниені білуге құштар болады да, тілді өте оңай игереді. Бұл 
шамада 3-4 жасар балаларда (кейде 5-6 жасар балалар да) өте анық 
байқалады. 
Үшінші заңдылық бойынша, сөздік қор белгілі бір шамаға жеткен 
балаларда тілге қызығу пассив бола бастайды, олар қажетті сөздерді тез 
ұмытып, қайта-қайта ескертуді талап етеді. 
Төртінші заңдылық бойынша, тілді үйрену, сөздерді есте сақтау әрі 
сапалы, әрі механикалық түрде болады

Бұл балабақша балаларына тән құбылыс. Байыпыптап қарасақ бесінші 
заңдылық та бар сияқты жасы есейген адамдар жаңа сөздерді (тілдік 
материалды) саналы түрде меңгереді де, тілдің қалыптасқан өзіндік 
заңдылықтарына сүйенеді. Бастауыш сынып оқушыларының тілді тез және 
таза меңгеру қабілетінің болуы олардың тілді механикалық түрде меңгеру 
қабілетінен деп білген жөн. Сондықтан тіл үйрету бұл кезеңде жеңіл 
болады. Тәрбиеші бұл ерекшелікті өз ісінде дұрыс пайдаланғаны мақұл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет