1 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата29.03.2022
өлшемі1,26 Mb.
#137181
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
Развитие речи

2.
 
Мектеп жасына дейiнгi балалардың байланыстырып сөйлеуiн ойын 
арқылы дамыту.
Мектеп жасына дейiнiг балалардың жетекшi iс-әрекетi – ойын. Ойын 
барысында балаларда бүкiл танымдық процесс жүредi. Үстел үстi ойынын 
ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы «Суреттi 
құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап». 
Ал сөздiк ойын арқылы сөздi орынды қолдана бiлуге, дұрыс жауап айтуға, 
сөз мағынасын түсiнуге, орынды сөйлеуге үйренедi. Мысалы: «Сөз ойла», 
«Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы – жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата 
Сонымен қатар балалардың сөздiк қорларын дамыту жұмысына ойындарды 
қолданумен қатар, «Пiшiндер көрмесi», «Өрнектi есiңде сақта», «Қиын 
жолдар», «Суреттi жалғастыр», «Бишi адамдар», «Көңiлдi таяқшалар» тәрiздi 
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесiн бередi. Бұл 
аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздiк қорын дамыта отырып, 
таным белсендiлiктерiн және саусақ бұлшық етiн дамытады. Саусақ ойыны – 
бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрi үлкен мәнi бар ойын 
түрi. Саусақ ойыны саусақтардың көмегiмен қандай да болмасын ертегiнi 
немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Бұл ойын арқылы 
баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабiлетi дамып, ынтасы артады және 
шығармашылық әрекетiне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, 
балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, 
құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-
қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөздi айтуға тырысады және 
өлеңдегi үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есiнде сақтайтын 
болады. 
Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлi, көңiлдi түрде 
ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсiндiрiледi, әр 
қимылы көрсетiледi. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседi» ойынын алайық. 
Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйседi. «Адамдар 
келедi». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгiрген тәрiздi 
етiп қимылдатады. Сонымен бiрге халық арасында кеңiнен тарап жүрген 


56 
«Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзiк қимылын жетiлдiруге бағытталған. 
Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға 
айтады. Тәрбиешi балалармен ойынды (заттармен, үстел үстi және сөздiк 
ойын) үш түрлi етiп өткiзуiне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану 
арқылы өтiледi. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын 
ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бiрдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, 
қайсысы аз», т.б.
Үстел үстi ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. 
Мысалы: «Суреттi құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет 
тығылды?», «Бiр сөзбен ата», «Кiм байқағыш», «Қиылған суреттер», 
«Ұқсасын тап», «4-шi не артық?», «Есiңде сақта».
Ал сөздiк ойын арқылы сөздi орынды қолдана бiлуге, дұрыс жауап айтуға, 
сөз мағынасын түсiнуге, орынды сөйлеуге үйренедi. Мысалы: «Сөз ойла», 
«Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». 
Байланыстырып сөйлеу тiлiн дамытуға арналған жұмыстар жүйесiнiң 
тиiмдiлiгiн осы ойын арқылы оқушылардың сөйлеу тiлiн дамыту баланың 
сабаққа деген қызығушылығын оятады. Мектеп жасына дейiнгi балаларды 
байланыстырып сөйлеу тiлiн ана тiлi сабақтарында дидактикалық ойындарды 
қолдану оқытудың тиiмдiлiгiн арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет