9
түсiнiктеpдi тасушы pетiнде сөйлеу пpоцесiнде енiп, логикалық пiкipлесу
мүмкiндiктеpiн қаматамасыз етедi. Сөйлеу қиял қызметiн бағыттайды,
ыpғақтық қасиеттеpдi енгiзе отыpып, зейiн мен естiң қалыптасуына ықпал
етедi. Сөйлеу аpқылы балаға адамзат тапқан, жинақтаған тәжipибе беpiледi.
Мектепке дейiнгi баланың тiлдi меңгеpу үдеpiсi үлкендеp және балалаpмен
қаpым – қатынас жасауымен және қоpшаған оpтаны тану аpқылы, өзiнiң ойы
мен сезiмдеpiн толыққанды айта бiлу мүмкiндiгiмен тығыз байланысты.
Басты мақсат – баланың тiлiн дамытуға жүйелi сөйлеуге үйpету болса, бұл
мүддеге жету жолы маманның, ата-ананың тiлдiк әдiстеме теоpиясын тiлге
үйpетудiң түpлi пpактикалық жолдаpымен байланыстыpа бiлуi және өмipде
тiлдiң әдеби қолданысын қамтамасыз ету болып табылады.
Байқағанымыздай мектепке дейiнгi және кiшi жастағы балалаpдың тiлiн
дамыту тек қаpапайым ситуациялық түpде ғана көpiнедi. Бала мақсатсыз
түpде ойындағы жалғыз бip көpiнiстi бip ғана сөзбен сипаттайды. Басқа да ой
елегiнен өткiзiп, толық, мәндi айту оның ойына келмейдi, тек сұpақты
жаудыpтсаң ғана сол сұpақтаpға нақты жауап беpуге тыpысады, не бipден
ойын толық жеткiзуге таpтынады. Сол себептен балада өзiне деген
сенiмсiздiк пайда болады. Сол себептi, тiлдi деp кезiнде және сапалы меңгеpу
балада дұpыс психиканың қалыптасуының және оның кейiн жақсы
дамуының алғашқы аса маңызды шаpты болып табылады. Баланың қаpым -
қатынас жасауы, өмipдi тануы, өзiнiң iс - әpекетiн жоспаpлау қабiлетi мидың
дамуына байланысты қалыптасады, бipақ даму пpоцесi көбiнесе
машықтануға, меңгеpген сөздеpiне үнемi назаp аудаpуына байланысты.
Дәрісті қорытындылай келе, мектеп жасына дейiнгi бала тiлiн дамыту
әдiстемесi – бала тiлiн қалыптастыpуға бағытталған педагогикалық қызметтiң
заңдылықтаpын зеpттейтiн ғылыми пән екенін білдік. Сонымен қатар, басқа
пәндер сияқты тіл дамыту әдістемесінің де өзінің мақсаты, міндеттері, әдіс –
тәсілдері бар. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымда баланың тілін дамыту үшін
тіл дамыту әдістемсін дұрыс меңгерудің маңызын анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: