Календарлық жоспардың үлгісі. Жалпы мәлімет тәрбиешінің аты, жөні, тобы, календарлық жоспар қай
мезгілге жасалғаны көрсетіледі.
Тіл дамытудан екі аптада жүргізілген тақырыптарды талдау. Сол
тақырыптың мақсаты және мазмұны, әдіс-тәсілдері, қолданылатын көрнекі
құралдардың бағдарлама талабына сай келуі.
Бір айда өткізілген тақырыптарды талдау. Осы мерзім ішіндегі тіл дамыту
оқу іс-әрекетінің бірізділігі және онда жүргізілген қайталау жұмыстарының
тақырыптары бір ай ішінде пайдаланған әдіс-тәсілдер, көрнекі құралдар.
Тексеріліп отырған мерзім ішіндегі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен
тыс кездегі жүргізілген жұмыстар және ол жұмыстардың мазмұны, түрлері.
Сол топта балалармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны.
Осы уақыт ішіндегі тәрбиешінің күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің конспектісі және ондағы жетістіктер мен кемшіліктер.
Тәрбиешінің күнделігі бар болса, тексеру.
Тәрбиешінің екі аптада немесе бір айда істеген жұмысы бойынша
қорытынды.