Дәріс №12. Тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту
жұмысына әдістемелік басшылық
Жоспар
:
1.
Меңгеруші, оның міндеттері
2.
Әдіскер-тәрбиеші, оның міндеттері
3.
Меңгеруші мен әдіскер тәрбиешінің тіл дамыту жұмысын
ұйымдастырудағы ролі.
4. Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату.
5. Педагогикалық кеңесті ұйымдастыру.
Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге жүктеледі.
Егер
балабақшада
әдістемелік жұмысқа басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса,
онда екеуі бірлэесіп оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.
Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі – тіл дамытуға
байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы мүмкін:
Барлық топта тіл дамыту бойынша бағдарламаның орындауын бақылау
және қамтамасыз ету.
Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты балабақша мен мектеп
арасындағы байланысты жүзеге асыру.
Тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсету.
Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау: әдістемелік кабинетті
жабдықтау.
Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын көтеру.
Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат жұмысын жүргізу:
а/топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша жұмысын тексеру.
Топтарға барғанда белгілі бір мақсат болу керек. Мысалы. Меңгеруші
тәрбиешіден топтағы балалардың байланыстырып сөйлеуі бойынша
дағдылары қандай екенін сұрап алып өзі барып тікелей балалармен
әңгімелесуіне болады немесе балабақшадағы балаларға таныс емес, яғни ата-
ана,
бөгде
адамдарды
шақырып,
балалардың
олармен
қалай
сөйлесетіндіктерін байқайды. Сондай-ақ тәрбиешінің жалпы жұмыс тәртібін
бақылау да меңгеруші тексерісінің мазмұнына енеді. Меңгеруші
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қандай түріне қатысса да, мейлі ол
серуен, мейлі бөлмедегі сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта
бөлігінен кетіп қалуға болмайды.
Меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан кезінде
тәрбиешінің балаларға әсерін, қарым-қатынасын да бақылайды. Негізінен
меңгеруші әр топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда мына
мәселелерге назар аударуы тиіс.
Кіші топтағылардың сөйлеу белсенділіктері, естиярлар тобындағы
балалардың
дыбыстық
мәдениетін
қалыптастыруға
байланысты
ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және одан тыс кездегі фронтальді
жұмыстар, ересектер тобында баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс
162
айта білуге үйретудегі жеке жұмыс, тікелей бақылау жұмысының жүргізілу
әдістері.
Әр топқа барғанда меңгеруші мына мәселелерді есте ұстағаны абзал:
ұйымдастырылған
оқу
іс-әрекеті
кезіңде
тәрбиешінің
жұмысына
араласпайды, оның беделін балалар алдына көтере білу. Сондықтан
меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін
дәптеріне жазып отырып, кейін тақырып бойынша өзінің пікірін, тілегін
айтуы керек немесе меңгеруші жұмыс практикасында, ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін де өзінің ескертпесін жеке беттерге
жазып, педкабинеттегі тәрбиеші бұрышындағы қалтаға салып қоюға болады.
Жұмыс аяғында тәрбиешілер жиналып, ондағы жазуды талқылап отырады.
Ал бұл жазулар кейін жиналыстарға материал да бола алады. Меңгеруші осы
топқа сол тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне екінші рет
қатысқаннан кейін екі жазуды салыстырып, оның ескертпелері қалай
орындалғанын байқайды.
Меңгерушінің өзінің сабақ өткізіп көрсетуі. Мұндай жұмыс әсіресе еңбек
жолын жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші оған ойынды
қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың өз білгендерін қалай пайдалана
білуді, үлестірмелі материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу
керектігін т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.
Іс-қағаздарын тексеру. Меңгеруші календарлық жоспарды апта сайын
тексеріп отыруы тиіс. Ал сабақ конспектілері, сценарийлері таңдап
тексеріледі. Календарлық жоспарды қарағанда, тіл дамыту бойынша негізгі
мәселелердің қамтылуы, жеке жұмыс түрлеріне назар аударылады.
Балалармен әңгімелесу арқылы да топтағы балалар тілін дамыту
жұмысының деңгейін байқауға болады. Мұндай әңгімелесуді алдын-ала
жоспарламай-ақ серуенде, топтың бөлмесінде, коридорда да өткізген тиімді.
Кейде тәрбиешімен келісіп, меңгеруші өзінің кабинетіне 3-4 баланы
шақырып алып, сөйлесіп, олардың тіл байлығын, сөздік қорын, дыбыстау
ерекшеліктерін байқауына болады.
Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу – жоспардан тыс болса да,
қажетті жұмыс. Мұндай әңгімелесу кезінде календарлық жоспар бойынша
ескертпелер, алда тұрған концерт программалары т.б. жұмыстар туралы
пікірлесуге болады.
Жеке тәрбиешілерге немесе тәрбиешінің тобына консультация бергенде,
алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен
тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар таңдалады. Меңгеруші
консультацияны өзі ғана өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де
қатыстыруына болады.
Тәрбиешінің озат тәжірибесін тарату. Тәрбиешінің өзара сабаққа
қатысулары ең қарапайым әдіс меңгеруші кімнің сабағына қатысу керектігін
таңдайды және ашық сабақ өткізетін тәрбиешіге көмек береді. Педкеңесте
өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті талқыланады.
163
Тіл дамыту бойынша өткізілетін шараларды ұжымдық түрде бақылап,
талдау. Мұнда да алдын-ала тәрбиешілер дайындалады, соңынан кең
талқылау болып, нақты ұсыныстар беріледі. Жылына екі-үш ашық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті жоспарлауға болады. Алдымен мұндай
ашық
оқу
іс-әрекеттерінде
тәжірибелі
тәрбиешілер
жүргізеді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнын тәрбиеші өзі жоспарлап
дайындайды.
Егер ұжымда жас тәрбиешілер болса, жұмысты былайша бөлуге болады:
біреуі – балалардың сөзін, екіншісі тәрбиешінің сөзін, үшіншісі жалпы
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жүрісін жазып отырады. Талдау кезінде
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізген тәрбиешіге алдымен сөз беріледі,
бұл оны өз жұмысын талдай білуге, кемшілігін көре білуге тәрбиелейді.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізушіге де, қатысушыларға да
есте қаларлықтай оқиға болып өтуі тиіс.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне тек қана сол балабақшаның
тәрбиешісі үшін емес, аудандағы басқа бақшалардың тәрбиешілеріне де,
курстағыларды да шақыруға болады.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, өткізу, талдаумен
жұмыс бітпейді. Оны енді тарату керек, басқа мұғалімдердің іс-тәжірибесіне
енгізуі қажет.
Педагогикалық кеңес әдістемелік жұмыстың тұрақты негізгі формасының
бірі. Жылдық жоспарда әрбір педагогикалық кеңестің мазмұны анық
көрсетілуі тиіс, ал календарлық жоспарда оның мерзімі, дайындайтын адам,
баяндамашыларды белгілейді.
Педагогикалық кеңесте қатысушыларға аз да болса, көмек болатындай
жаңа, жете меңгерілмеген және негізгі тақырыптарды талдаған дұрыс. Егер
балабақшада жыл бойына 8-10 педагогикалық кеңес өткізілетін болса, оның
ең кемінде бір – екеуі тіл дамыту әдістемесіне арналуы тиіс.
Жыл соңында қорытынды педагогикалық кеңесте балалар тілінің
жағдайы міндетті түрде талқыланады. Тәрбиешілер, меңгеруші өз сөздеріне
қандай педагогикалық жұмыстар кіммен, қалай, қашан жүргізілгенін, қандай
нәтиже көрсеткенін айтуы тиіс, балалар сөзінен мысалдар келтіру керек.
Педагогикалық кеңесте соңында шешім қабылданып, нұсқаулар ұсынылады,
қабылданған шешімнің орындалу мерзімі көрсетіледі. Меңгеруші кеңес
шешімінің орындалғанын мұқият қадағалауы тиіс, сонда ғана нәтижелі
болады.
Көп комплектілі балабақшада бір жастағы топтар тәрбиешінің кеңесіп
өткізуді іске асырғаны дұрыс. Әр айға бөлініп жасалынады.
Тәжірибелі тәрбиешілер жұмысын жазбаша түрде де жинақтауға болады,
яғни олардың жасаған альбомдары, технологиялық картасы, календарлық
жоспарлары педагогикалық кабинетке арнаулы орынға қойылады.
Тәрбиешілер жұмысының нәтижесін жинақтау, қорытындылау.
Меңгеруші өз балабақшасындағы тәрбиешілердің жұмысымен танысып,
бағалап қоймай, тәрбиешілерге таныстыруы да керек. Мысалы, дыбыстық
164
мәдениетін қалыптастыру бойынша әр топтағы балалардың жағдайынан
салыстырмалы таблица жасап, педагогикалық кабинеттегі стендіге іліп қоюға
немесе ауызша хабарлауға да болады. Мұндай таблица өткен жылғымен
салыстырып отырғанда артық емес.
Тәрбиеші мамандығын көтеру. Балабақшадағы әр тәрбиеші кәсіптік
шеберлігін көтеріп отыруға тиісті. Меңгеруші бұл мәселені яғни
тәрбиешілердің керекті және жаңа шыққан әдебиеттермен танысып
отыруларын, өз білімін көтеру жоспарын жасауын үнемі қадағалап отырады.
Әсіресе тәрбиешілер арасындағы сырттан оқитындарын ерекше назарға алып,
егер қажет болса, аға тәрбиешінің оларға көмектесулерін ұйымдастыруы тиіс.
Сонымен бірге меңгеруші олардың әдістемелік бірлестіктерге, үйірмелерге
аудан жанындағы семинарларға қатысуларын бақылайды. Жекелеген
мамандықтың лекциялары да тәрбиешінің білімін көтеруге әсер етеді.
/логопед, врач-гигиенист, балалар жазушысы, тілшілер, ғалымдар т.б./
Педагогикалық колледж, пединституттардағы тіл дамыту мәселесімен
айналысып жүрген ғылыми қызметкерлер, аспиранттар, мұғалімдердің
лекцияларын ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ жаңа шыққан әдістемелік
әдебиеттерді талқылау керек. Бес минуттық информацияда газет-
журналдардан мақал, хабарлама жасауға болады. Түрлі тақырыптағы
стенділер, кітап көрмелерін ұйымдастыруға болады. Басқа балабақшаларға,
музейлерге, спектакль, кинофильмге барудың да тәрбиеші шеберлігін
арттыруда ролі үлкен.
Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу. Балабақша
мен ата-ана бірлесіп жұмыс жасағанда ғана, нәтижелі, жемісті болады.
Сондықтан түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек.
Ұжымдық форма /коллективтік/. Ата-аналар жиналысында жыл басында
әр топтың тәрбиешісі тіл дамыту бойынша алда қандай мақсаттар тұрғанын
түсіндіруі тиіс. Түрлі тақырыпта ата-аналармен лекция, әңгіме, консультация
өткізуге болады. Ата-аналарды сабаққа қатыстырғанда артық емес.
Балабақшадағы ата-аналарға арналған бұрышта балалардың тілін дамытудың
жағдайын көрсететін стенді іліп қою ұсынылады. Сонымен қатар мұнда ата-
аналарға арналған әдебиеттер тізімі ақыл-кеңестер көрсетілуі керек. Әдетте,
ата-аналар жиналысы кезінде балаларға және олардың өздеріне арналған
педагогикалық әдебиттің көрмесі ұйымдастырылады.
Ата-аналар балабақшаның арасындағы байланысты нығайтудың тағы бір
формасы белгілі бір топтың ата-аналарының біреуінің жұмыс орнына
балаларды топсаяхатқа апару.
Сондай-ақ ата-аналар конференцияларын, ауызша педагогикалық
журналдар ұйымдастырудың да пайдасы мол.
Ата-аналармен жеке жұмыс. Тәрбиеші не меңгеруші баланың сөйлеу
қабілеті жайында айтып, нұсқаулар береді. Мұндай жұмысты баланың үйіне
барып та жүргізуге болады.
Әдістемелік кабинеттің материалдары “Балабақшадағы білім беру және
тәрбиелеу” бағдарламасының талаптарына сай іріктеп, алынады, сонымен
165
бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың
жаңа міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы
ескеріледі. Сондай-ақ онда бұйырықтар, нұсқаулар, озық тәжірибе
материалдары, календарлық жоспар, ашық ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінің конспектісі мен хаттамалары т.б. болуы тиіс. Әдістемелік
кабинетте тәжірибенің мазмұны бойынша аннотация жазылған қаланың,
ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы
керек. Көрнекі оқу құралдары да осында сақталады. Әдістемелік және
балаларға арналған көркем әдебиет қоры болуға тиісті.
Бақылау немесе тексеру ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу
ғана емес, педагогикалық кеңесте және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей
отырып, оның педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдеседі.
Педагог-тәрбиеші жұмысына әділ баға беріледі, оған өзінің осал және күшті
жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі.
Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін
ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық
педагогикалық қызметін қамтуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инспекторлық жұмыстың мақсаты –
тексерумен қатар әдістемелік көмек көрсету.
Тексерудің қорытындысы аудандық оқу басқармасының мәжілісінде
қаралып, қандай кемшіліктер бар, соны түзетудің жолдары бойынша шаралар
жасалады.
Тексерудің бірнеше түрлері бар:
Фронтальды /жан-жақты/
Тақырыптық /бір мәселе бойынша/
Аралас /комбинированная/, /балабақшаның жалпы жағдайымен танысу
және бір жұмысты толық тексеру/ тексерудің алдында бұрыңғы тексерудің
материалдарымен толық танысу керек. Содан соң мақсаты бойынша
жұмыспен танысып, бақылайды.
Кадрлар білімін көтеру жеке-жеке жүргізіледі. Білім, жұмыс сапасы,
қызметі, кейде қабілеті бәрі ескеріледі. Тәрбиешілер білімін көтеретін
курстар ұйымдастыруда әдіскер басты роль атқарады. Курс программасы
тыңдаушылар құрамына және курстың мақсатына қарай жасалады журналдар
болуға тиісті.
Әдістемелік кабинеттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім
кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты, түскен уақыты, жаңа
әдістемелік құралдардың аты, қойылатын бөлімі жазылады.
Жылдың түрлі мезгіліндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер
ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарлары, серуендер
мен саяхаттарды өткізудің үлгі жоспарлары, жер үлесіде және табиғат күйі
ісінде де түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |