158
үйрететін тақырыптар алуы қажет. Жоспарлау кезінде қайталау
жұмыстарына да көңіл бөлінеді. Әсіресе балалардың үн реңкін
қалыптастыратын, балалар
айтқан кезде қиналатын сөздер, сөз тіркестеріне
қайтадан оралып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде сол сөз
тұлғаларымен жұмыс жасау қажет. Сондықтан тәрбиеші қандай тақырыпты
қай кезде, қандай мақсатта қайталау керектігін жоспарда көрсетуі тиіс. Тіл
дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тек қана тілдік элементтер
ғана емес, тәрбиелік жағына да көңіл бөлінеді. Яғни балаларды көргендерін
талдай білуге, жинақтап қорытынды жасай білуге, байқағыштыққа үйрететін
материалдарды іріктей білу қажет. Балабақшада көбінесе календарлық
жоспар жасаған кезде төмендегідей қателіктерге жол беріледі:
Әдетте бағдарламалық материалдың бір бөлігі ұмыт қалады, немесе
жүйелілік сақталмайды. Ең басты қателік:
Сабақтарға берілген уақытты
толық пайдаланбау. Әңгіме немесе ертегіні жоспарлаған кезде қойылатын
сұрақтар, балаларға түсіндірілетін жаңа сөздер, шығармалар. Сол
шығарманың мазмұнына байланысты пайдаланатын дидактикалық ойындар
немесе тақпақтар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар тәрбиеші жоспарында нақты
көрсетілмейді де, тәрбиеші оқу іс-әрекетін уақытынан бұрын аяқтайды.
Барлық топта ең кем дегенде аптасына бір рет бақылау жұмысы
жоспарланады бақылау жұмысының тақырыптары
мазмұнына қарай өзгеріп
отырады. Мысалы, бірінші аптада құрылыс обьектісін бақылау, екінші
аптада табиғат құбыластарын бақылау, үшінші аптада адамдар еңбегін
бақылау, төртінші аптада жыл мезгілдеріне байланысты болатын өзгерістерді
бақылау. Осы аталған жоспарлардың қайсысын болсын жасағанда төмендегі
принциптерді ескеру керек:
1.
Жоспардың негізі балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу
бағдарламасы болып табылады.
2.
Тіл дамыту жұмысы оқу-тәрбие процесінің барлық бөлімдерімен тығыз
байланыста жүргізіледі.
3.
Тіл дамыту жұмыстарының әдістері мен мазмұны балалардың жас
ерекшеліктеріне сай болуы керек.
4.
Әдіс-тәсілдерді,
тақырып мазмұнын, бірте-бірте күрделендіру қажет
және қайталау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі керек.
5.
Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бірізділігі сақталуы
тиіс.
6.
Жоспар жасағанда балабақшаның жағдайы есепке алынады.
Балалардың тілін дамытуға арналған жұмыстар ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінен тыс кезде де жалғасын табуы тиіс. Ертеңгілік балабақшаға
балаларды қабылдап алғаннан бастап,ертеңгілік, серуен, күннің екінші
жартысында ойын, еңбек түрлері негізінде балалардың сөздік қорын
дамытуға, байланыстырып сөйлеуін жетілдіруге
арналған көркем мәтіндер
немесе дидактикалық ойындар, сөздік жаттығулар ұйымдастыру қажет. Ал,
күннің екінші жартысында істелінетін жұмыстар календарлық жоспарда
көресетіледі. Календарлық жоспар балабақшаның әдістемелік бірлестік
159
отырысында
бекітіліп,
талқыланады.
Дұрыс
ұйымдастырылған
педагогикалық процесс есепке алуды қажет етеді. Алдымен әр тәрбиеші өз
жұмысына талдау жасауы керек. Балабақшадағы есепке алудың басты
формасы тәрбиешінің күнделік толтырып отыруды. Жыл басында тәрбиеші
өз тобындағы балалардың тілінде қандай кемшіліктер бар екенін бақылап
байқауы қажет. Содан соң тіл дамыту оқу
іс-әрекеттерінде өтілген
материалдарды топтағы балалар қалай меңгерді, егер балалар арасында
меңгере алмағандар болса не себепті, бала тілінің грамматикалық құрылысы,
дыбыстық жағы талапқа сай ма деген мәселелерді күнделіктерінде көрсетіліп
отырылуы керек. Осы өзінің байқаған кемшіліктері бойынша жеке
балалармен жұмыс жүргізеді
Достарыңызбен бөлісу: