206
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Бір нәрсе туралы үи�рену бір бөлек, онымен бірге екі түрлі парадигмамен
баи�ланысты зерттеу дағдыларын қалыптастыруға ниетті екеніңізге көз жеткізіп
алыңыз. Сандық және сапалық деректерді жинақтау мен талдауда нағыз маман
бола аласыз ба? Бұл да бір сынақ. Ашық сұрақтар, мысалы, сандық сауалнама-
ларда қои�ылады, бірақ толық талдануы сирек. Сол сияқты сапалық жұмыспен
таныс, бірақ өздерінің деректерін санағысы келетін студенттер статистикаға
үрке қарап, талдауын шектеуі мүмкін.
Аралас тәсілде қолданарда оның практикалық жағын ои�ланып алыңыз.
Мақсат-міндетіңіздің ауқымын шектеуге мәжбүр болуыңыз ықтимал, сондықтан
тым амбицияшыл дизаи�н жасап, бір жобаның орнына екі жоба жасауға тыры-
судан абаи� болыңыз.
Осыны ескере келе, аралас әдіснама тәсілін қолдау дұрыс деп ои�лаи�сыз ба?
7-тарауда аи�тып өткеніміздеи�, кез келген зерттеу дизаи�нының алғышарттары
мыналар: 1) тәсіліңіз
сұрағыңызға жауап береді
; 2)
зерттеуші ретінде
сізге
дұрыс
көрінеді
; 3)
жүзеге асыруға болады
. Сондықтан кез келген аралас әдіснамалық
тәсілдің тиімділігі мына критерии�лерді зерделеумен баи�ланыстырылады. Мына
сұрақтарды өзіңізге қои�ып көріңіз:
1.
Зерттеу сұрағыма ең дұрыс жауапты аралас тәсіл арқылы ғана аламын ба? Бұл – ең
маңызды сұрақ. Аралас тәсіл маңызды болмаса немесе жауабын тапқыңыз келетін
жақсы ойластырылған сұраққа еш нәрсе қоса алмаса, онда
бұл басты дәйекке еш-
теңе қарсы келе алмайды
. Терең ойланған соң да, маман пікірін естігеннен кейін де,
бұрынғы еңбектермен таныс болған соң да, «иә, осы тәсіл өте ыңғайлы» деп жауап
берсеңіз, зерттеу сұрағыңызға аралас
тәсілдің әдісі сәйкес келсе, тағы да сұраңыз:
2.
Бұл маған шынымен керек тәсіл ме? Бірнеше тәсілді қолдануды қажет ететін дағ-
дыларды үйренуге және оларды қалыптастыруға ниеттімін бе? Сенім туғызатын
зерттеу жүргізу үшін сенім, табандылық
пен дағдылар аса маңызды, сондықтан
мәселеге тура қараңыз. Екі дәстүрді қатар алып жүрудің қиындығы жайында ғы-
лыми жетекшіңізбен және өзге де зерттеушілермен ақылдасыңыз. Таңдауыңызды
сонда да өзгертпесеңіз, тағы да сұраңыз:
3.
Мұны жүзеге асыру мүмкін бе?
Аралас тәсіл жетекші, уақыт және/немесе қар-
жылық шектеулер тұрғысынан тиімді ме? Әдістер жетекшіңізге қолайсыздық
туғызса және екі дәстүрді қолданатын зерттеуге жетекшілік етуге тәжірибем аз
десе, кімнің қолдауына сүйенетініңізді ойланып көріңіз.
Уақытыңыз бен қаржы-
ңыз жетпесе, ол да – бір үлкен сынақ. Жобаны тапсыратын уақыт сіз ойлағаннан
әлдеқайда жылдам жетіп келеді. Өз басым қаржысы жеткілікті студент аз екенін
жақсы білемін.
Жоғарыдағы үш сұрақты не үшін қои�дым? Аралас тәсілдің сұрақтары-
ңызға жауап берудегі тиімділігін, осы тәсілдің зерттеуіңізге қаншалықты
сәи�кес екенін шынаи�ы бағалап, практикалық аспектілерге назар аударсын
дедік. Зерттеуіңізге ең сәи�кес келетін әдісті таңдағаныңыз дұрыс екенін
ұмытпасаңыз болғаны.