|
Байланысты: oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)Аралас әдіснама мысалы
Хоторн эксперименттері
1924–1932 жылдар аралығында АҚШ-тың Хоторн қаласындағы Батыс электр
компаниясының зауытында өнімділікке ықпал етуі мүмкін факторларды (электр жа-
рығы, үзіліс, жұмыс уақыты сияқты) зерделейтін эксперименттер жүргізілді (Mayo,
1933: Roethlisberger and Dickson, 1939). Зерттеушілерді таңғалдырған жайт – айны-
малы қолдан өзгертілген сайын өнім деңгейі жоғарылап отырған. Тіпті бұл логикаға
сыймаса да, өзгертілген айнымалыларды бастапқы қалпына қайтарғанда да өнімді-
ліктің артуы байқалған. Яғни айнымалыны қалай өзгертсе де өнімділік арта берген.
9.1-сурет.
Хоторн зауыты. «Реле түйінін тексеретін алаңдағы әйелдер», шамамен 1930 жыл,
Батыс электр компаниясы Хоторн эксперименттері жинағы. © 2007 Гарвард колледжінің прези
-
денті және жолдастары. Барлық құқығы қорғалған.
Мұндай екіұшты нәтижелер (бүгінде Хоторн әсері деген атпен белгілі жай ғана
бақылаудың нәтижесінде мінез-құлықтың өзгеру құбылысы) өнімділікке байланыс-
ты факторлардың әлдеқайда толық түсінігін беруге бағытталған аралас әдіснаманы
қалыптастырды. 1928–1932 жылдар аралығында зерттеушілер қызметкерлердің
қарым-қатынасы, ар-ұяты, жеке өмірі, бала тәрбиелеуі, тамақтануы және өзге де мә-
селелер бойынша Хоторн зауытында 21 000 қызметкерден сұхбат алды. Сондай-ақ
олар нақты бір жұмыс тобының күнделікті іс-әрекетін бақылаумен, жақыннан көріп
зерделеумен де айналысты. Осылайша түпнұсқалық эксперименттік әдістер сапалық
стратегиялармен толықтырылды.
(Mayo and Roethlisberger-Dickson еңбегі қосымша уеб-сайтта бар
)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|