Жиынтық бағалау* Қорытынды бағалауды жиынтық бағалау деп те атаи�ды. Ол өзгеріс стратегия-
сының нәтижелілігіне (мақсат пен міндетке қол жеткізілгеніне) және тиімділі-
гіне (қол жеткізілген нәтиже жұмсалған шығынды ақтаи�тынына) баи�ланысты
деректер мен ақпараттарды қамтамасыз етуді мақсат етеді. Қорытынды баға-
лауы жоқ бастаманы зерттеуге бола ма, жоқ па – елеп-екшеп алыңыз. Бүгінгі
әлемде қаржы қиындығы басты факторлардың бірі болғандықтан, жиынтық
бағалау көбінесе паи�да-шығын талдауы түрінде келеді, шығынның тиімді жұм-
салуына қатысты деректерді де қамтиды.
Жиынтық бағалаудың нәтижесінде бағдарламаны қаржыландыруға, қар-
жыландыруды жалғастыруға немесе тоқтатуға, кеңеи�туге немесе қысқартуға
қатысты шешімдер қабылданады. Жиынтық бағалау кез келген топтағы мүдделі
тараптың қызығушылығын тудырады, тіпті халықтың көп бөлігіне де, жалпы
халыққа да маңызды болуы мүмкін.
Жиынтық бағалаудың сәйкес тәсілдері
Баға беруші зерттеу қалаи� жүргізіледі? Ол белгілі бір әдіспен емес, баға беруші
мақсатына қараи� аи�қындалады және оған сәи�кес тәсілдерді осы мақсат бои�ын-
ша анықтаи�ды. Жиынтық бағалаудың негізгі мақсаты – бастаманың нәтижелі
болғанын/болмағанын анықтау. «Бастама алға қои�ған міндетін орындады ма?»
* Summative Evaluation сөзі орта білімге арналған қазақтілді оқулықтарда жиынтық бағалау деп
жүргендіктен, осы сөз тіркесін қолданып отырмыз. – Ғыл. ред.