223
Әдіснамаларды түсіну: баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегиялар
қауіп-қатеріне; сәтті бастамаға көмектесетін және/немесе көмектеспеи�тін
факторларға баға береді.
Процесті бағалау нәтижелері бағдарламаны жақсартуға, өзгертуге және бас-
қаруға қатысты шешім қабылдауға қажет ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл
зерттеу әртүрлі жағдаи�ға икемделеді, зерттеу нәтижесін ұқсас бастамаларға
қолдану үшін мүдделі ұи�ымдарға үлгі болады (4-тарауды қараңыз).
Формативті бағалаудың сәйкес әдістері
10.1-кестеде формативті немесе процесті бағалаудың басты мақсаты баста-
маның артықшылығы мен кемшілігіне баға беру және процесс қандаи� жағдаи�да
әлдеқаи�да тиімді және өнімді бола алатынын анықтау екенін көрсеттік. Мүдделі
топтың көзқарасын ескеріңіз. Өи�ткені проваи�дерлердің, қабылдаушылардың
және барынша ауқымды қауымдастықтың «Қандаи� бастама орындалды неме-
се орындалмады?» деген сауалға қатысты көзқарасы әртүрлі болуы мүмкін.
Әдістер дизаи�ны сіздің не білгіңіз келетініне және кімнің мүддесіне жұмыс іс-
теи�тініңізге тәуелді.
y
Провайдердің перспективасы.
Қолданатын әдісіңіз
ақпаратты қамтамасыз ету-
ге жауапты топтардың күрделілігі мен сан алуандығына тәуелді. Мысалы, сізден
белгілі бір мұғалімнің бастамасымен сыныптағы өзгеріске баға беруді сұрауы
мүмкін. Бұл жағдайда терең сұхбат алып көріңіз (12-тарауды қараңыз). Тағы бір
мысал келтірейік. Сізден үкімет пен жекеменшік индустрияның әртүрлі
деңгейін-
дегі жұмысшыларға қатысты денсаулықты қорғаудың үкіметтік жаңа заңының құ-
рылымына, дамуына және енгізілуіне баға беруді сұрауы мүмкін. Мұндай кешен-
ді деңгейдегі қажет ақпаратты жинақтау үшін сұхбат, фокус-топ және сауалнама
сияқты әртүрлі әдіске сүйенуіңіз ықтимал (12-тарауды қараңыз).
Сондай-ақ зерт-
теліп отырған процеске қатысты жазбаларға, хаттамаларға көз жүгіртіп, оларды
талдайтын құжаттарды сараптаудың немесе процесті тікелей бақылаудың да ма-
ңызы зор (13-тарауды қараңыз).
y
Қабылдаушының перспективасы.
Басқарушылар бәрі
ойдағыдай деп есептегені
үшін ғана қабылдаушылар бастаманы құптайды дей алмаймыз. Жақсы жүргізіл-
ген процесті бағалау провайдердің ғана перспективасын ескеріп қоймай, өзге-
рістің артықшылығы мен кемшілігі, ықтимал өзгерістері туралы қабылдаушының
да ойын білгісі келеді. Провайдерлік зерттеу жүргізетін
мақсатты топ көлемі мен
кешенділігіне қарай әртүрлі болады, соған орай өзіңізге керек деректі жинау
үшін сұхбат, фокус-топ, сауаланама сияқты әдістерге сүйенуіңіз мүмкін (12-та-
рауды қараңыз).
y
Барынша ауқымды қауымдастықтың перспективасы.
Өзіңізге қоятын бірін-
ші сұрақ: «Клиент барынша ауқымды қауымдастықтың ойын білгісі келе ме?».
Барынша ауқымды қауымдастықты маңызды мүдделі
тараптар деп есептемеуі-
ңіз, дәлелді пікірді қамтамасыз ететін негізді білімі жоқ деп ойлауыңыз мүмкін.
Қарастырылып отырған бастамаңыз қауымдастыққа ықпал ететіндей, кең ау-
қымды болуы ықтимал немесе қауымдастық мүдделі тарап ретінде қандай да бір
224
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
мәселеге бастама болуы мүмкін. Мысалы, ауладағы
граффитимен сурет салуды
тоқтатуға бағытталған тұрғындардың бастамасы. Осы орайда ол бастаманың ар-
тықшығы мен кемшілігіне қатысты пікір жинау қажет шығар. Ықтимал әдістерге
сауалнама, фокус-топ және ықтимал негізгі ақпарат берушілерден сұхбат алу жа-
тады (12-тарауды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: