221
Әдіснамаларды түсіну: баға беруші, іс-әрекетке негізделген және
эмансипаторлық стратегиялар
деген сауалдың жауабын іздеи�ді. Бастамалар мүделлі тараптарға қараи� өзгеруі
мүмкін әртүрлі мақсаттардан тұратынын 10.1-кестеде көрсеттік. Жиынтық ба-
ғалау арқылы проваи�дердің, қабылдаушының, қауымдастықтың немесе барлы-
ғының перспективасы арқылы бастаманың жетістігін өлшеу керек/керек емес
екенін анықтаи�сыз. Түпкі мақсаттың қаи�сысы зерттелуі керегін, кімнің перс-
пективасын іздеи�тініңізді анықтап алыңыз. Соған ораи� әдістеріңіз де түрленеді.
y
Провайдердің перспективасы
. Әдістерді құрастырғанда бастаманың сәтті болаты-
нына деген
провайдер сенімін анықтаудың, әдетте екі жолы бар. Біріншісі – сұрау.
Бастаманың дизайнына, жүзеге асырылуына және енгізілуіне, сондай-ақ жоғары
деңгейдегі ұйымдастыруға жауапты мамандармен сөйлесіңіз.
Сұхбат және фокус-
топтар (12-тарауды қараңыз) көмекке келуі мүмкін. Екінші әдіс – құжаттамалық
рұқсатты қарау (13-тарауды қараңыз). Әсіресе бұл аз шығын жұмсайтын немесе
жұмыстың сәттілігі жазбаларда дәлелденетін сұрақтар үшін өзекті болмақ.
y
Қабылдаушының перспективасы
. Бастаманың өзгеріске негізделген нәтижеле-
ріне қол жеткізгенін/жеткізбегенін бағамдайсыз. Көпшілік (мен де осы қатар-
дамын) мұны топтар мен уақыт арасын салыстыруға мүмкіндік
беретін экспе-
рименттік немесе квази-эксперименттік дизайн (8-тарауды қараңыз) арқылы
жүзеге асыру керек деп есептейді. Үш мүмкіндігіңіз бар:
○
Кейс/басқару дизайны
. Бастама мақсатты топты өзгертті ме – анықтаңыз.
Бастамаға ілікпеген бақылау тобы мен бастама бойынша зерттеу жүргізіл-
ген мақсатты топты салыстыру арқылы өзгерісті білуге болады.
○
Дизайнға дейін/дизайннан кейін.
Кейде бұл тәсіл «уақыт кезеңінің талдауы»
деп аталады. Дәл бір топты бастама енгізілгенге дейінгі/кейінгі уақытта са-
лыстыруға мүмкіндік береді.
○
Кейс/басқару дизайны.
Дизайнға дейін/дизайннан кейін. Екі әдісті бірікті-
ріп, әлдеқайда айқын нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
y
Тәсілдің үшеуі де перспективалық
жоспарлауды талап етеді, бірақ әрдайым оны
жоспарлай алмайтыныңызды тарау соңында айтып өтеміз. Өзгеріске баға бер-
мей тұрып, сұхбат жасау арқылы адамдардың өзгерісті
қалай қабылдағанына
баға беруге болады (12-тарауды қараңыз). Қабылдаушы өзгеріс орнағанына
сене ме – анықтап аласыз.
y
Барынша ауқымды қауымдастық перспективасы.
Бастамалар көбінесе мүдделі
топ мақсатынан құралады. Мысалы, жоғары сынып оқушылары жасы кішілерге
қысым көрсетпеуін мақсат еткен мектеп бастамасы. Ата-ана/қауымдастық осы
мәселені негіздеуі мүмкін. Ал медициналық ұйымдардың
бастамасы ұйымның
қауымдастықтағы беделін арттыруды мақсат ететін шығар. Бұл жағдайда сауал-
нама және фокус-топ (12-тарауды қараңыз) әдісі таңдалады. Бұл тәсілдер арқы-
лы қауымдастық мүшелерінен өзгерісті қалай қабылдағанын
және ол қабылдау
қалай өзгергенін хабарлауын сұрайды. Сол арқылы бастамаға дейінгі балама
мәліметтер арқылы жағдайды тікелей салыстыруға мүмкіндік туады.