Аралас әдіспен зерттеудің сенім тудыруы
Аралас тәсілмен зерттеуді сенімді етуге қоятын талаптарға қысқаша тоқта-
лып барып, тарауды аяқтағым келеді. 5-тараудағы кеңестердің бәрі де маңызды
болғанымен, аралас тәсілге баи�ланысты нақты қиындықтарды атап өту орынды
болар. Негізінен, аралас тәсілге баи�ланысты қиындықтардан кедергісіз аи�налып
өту үшін нақты нені қалаи�тыныңызды және қандаи� сенім тудыру индикатор-
лары сәи�кес келетінін анықтап алыңыз.
Сандық еңбекте ең көп күтілетін және қабылданатын индикаторлар:
объективтілік, жарамдылық, сенімділік, жалпыламалық және репродуктивті-
лік. Бұлар сандық зерттеуге баи�ланысты ғана емес, негізінен, барлық зерттеуде
маңызды стандарттар ретінде белгілі. Негізгі сапалық зерттеу үшін сандық
зерттеуде репрезентативті іріктеме жиынтықпен немесе жарамды бір ғана
ақиқатпен жұмыс істесеңіз не болады? Беи�тараптық, аутенттілік, тәуелділік,
тасымалдылық және аудиттілік сияқты постпозитивистік индикаторлардың
сенім тудыруы үшін қандаи� қадам жасаи�сыз, жалпы, олаи� істеудің өзі дұрыс па?
Постпозитивистік, сапалық жолмен жұмыс істеп жүріп, аяқасты репре-
зентативті іріктеме жиынтықтың маңызын дәлелдегіңіз келсе не істеи�сіз?
Зерттеуіңіз сенім тудыруы үшін парадигмаларды басқаратын екі түрлі ұи�ғарым
арасында жұмыс істеи� аласыз ба?
Достарыңызбен бөлісу: |