234
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
білім қоры ретінде бағалануға тиіс. Бұл ораи�да жеңіл-желпі білім туралы сөз
қозғап отырғанымыз жоқ. Іс-әрекетке негізделген зерттеуден өндірілген білім
кез келген басқа зерттеу стратегиясында мүмкіндігінше тиянақты жинақталуға,
талдануға және сенім тудыруға тиіс.
Іс-әрекетті талап ететін барлық зерттеу жобасы үшін әрекет – аи�қын әрі
тікелеи� мақсат. Меи�лі ол дағдыларды жетілдіруге, бағдарламалар мен саясат-
ты өзгертуге немесе әлдеқаи�да радикалды өзгерістерге қараи� жұмыс істеуге
бағытталса да, іс-әрекетке негізделген зерттеу тәжірибеге негізделген жағдаи�-
дың жақсаруы бағытында жұмыс істеи�ді және білім өндірілген соң, өзгеріспен
жұмыс істеу мәселесін аи�налып өтеді.
Қатысу
«Зерттеу – тек сарапшының мәселесі» деген түсінік – қате. Іс-әрекетке негіз-
делген ерттеу – зерттеушілер, сол іспен шұғылданушылар, мүдделі тараптармен
бірлесе отырып атқарылатын шаруа. Ол зерттеуші мен зерттелуші арасындағы
алшақтықты азаи�тады және жергілікті білімді аса құнды деп санаи�ды. Оның
негізгі себебі: мүдделі тараптар зерттеу процесіне қатыспаса, ауқымды әрі нәзік
түсінік қалыптастыруда немесе тұрақты өзгеріс жасауда аутсаи�дердің қабілеті
шектеледі. Көптеген зерттеу парадигмаларына қарама-қарсы іс-әрекетке негіз-
делген зерттеуші–зерттелуші
туралы
немесе зерттелуші үшін
емес, іс жүзінде
зерттелушімен жұмыс істеи�ді, сондықтан демократиялық принциптерді қа-
лыптастырушы болып көрінеді. Негізгі мәселе – зерттеудің және іс-әрекеттің
ықпалына ұшыраи�тындар зерттеуге ыңғаи�ланбаи�ды.
Қатысудың және бірлесе жұмыс істеудің табиғаты мен деңгеи�і сан алуан.
Іс-әрекетке негізделген зерттеу тәсілі қолданылғанына; жағдаи�дың нақты бір
контексі зерттелгеніне; әртүрлі мүдделі тараптардың мақсаттарына негізделеді.
Бұл әртүрлі мүдделі тараптардың процестік циклдерінің кез келген немесе бар-
лық сатыларына қатысуынан тұруы мүмкін. Жоба барысының әртүрлі кезінде
басты зерттеуші рөлімен қатар, зерттеу процесін жүргізуші тұлғалар ретінде,
олар жоспарлаушы, көшбасшы, катализатор, делдал, ұстаз, дизаи�нер, тыңдаушы,
бақылаушы, синтездеуші және/немесе есеп беруші ретінде де әрекет етуі мүмкін.
Оқыту мен іс-әрекеттің циклдері
Іс-әрекетке негізделген зерттеу – білімнің паи�да болуына қараи� форма құ-
раи�тын циклдік процесс. Бұл жердегі алғышарт: үи�ренесіз, жасаи�сыз, ои�лана-
сыз, жетілдіресіз, жақсырақ жасаи�сыз, сабақ аласыз, одан саи�ын жақсартасыз...
Жағдаи�ды жақсырақ түсінесіз және жақсартылған іс-әрекетке ұласатын үздіксіз
жақсару циклдерінің тізбегі арқылы жұмыс істеи�сіз. Сондықтан іс-әрекетке
негізделген зерттеу өзгеріске қатысты тәжірибеден үи�рену тәсілі ретінде кө-
рінуі мүмкін. Алдыңғы циклдердегі әдістерді, деректерді және түсіндірмелерді
үздіксіз, барынша жақсартуды мақсат етіңіз.
235
Әдіснамаларды түсіну:
баға беруші, іс-әрекетке негізделген және
эмансипаторлық стратегиялар
Циклдерді әртүрлі жолмен анықтауға болады. Бірақ 10.2-сызбада көрсетілге-
ніндеи�, олар әдетте бақылаудың, ои�ланудың, жоспарлаудың және әрекет етудің
түрлерінен тұрады.
Циклдің әр бөлігіндегі қадамдардың нақты табиғаты жүре қалыптасады
және зерттеу тобын құраи�тын мүдделі тараптармен бірлесе жұмыс істеуіне
қараи� дамиды. Зерттеудің «бақылау» бөлігі белгілі бір жағдаи�ға ораи� құрас-
тырылуы мүмкін және деректерді жинақтау мен білімді өндіру мақсатында
әртүрлі тәсілдерге, әдіснамаларға және әдістерге сүи�енеді. Циклдің «ои�лану»
бөлімі беи�ресми және интроспективті болуы мүмкін не аса ресми және жоға-
рыда қарастырылғандаи�, формативті баға беруші зерттеу стратегиясының эле-
менттерін қолданады. «Жоспарлау» және «әрекет етуге» баи�ланысты сатылар
«ои�лану» мен «зерттеуден» көп болуы мүмкін және жұмысқа кіріскендерден
«стратегиялық жоспарлау» мен «өзгерісті басқару» туралы еңбектермен таныс
болуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: