238
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
келіссөз жүргізіп, жағдайды жеңілдетіп және келіспеушіліктерді шешу қабілетіне
ие болуыңыз қажет.
y
Этикалық жауапкершілік.
Зерттеушілер білім өндірудің және зерттелуші жағда-
йының жақсы болуы үшін де этикалық жауапкершіліктің ауыртпалығын көтереді
(3-тарауды қараңыз). Іс-әрекетке негізделген зерттеуде ізденіс тобына мүдделі
тараптардың қатысуы және оған өзгеріс әкелетін өзекті мәселенің қосылуы үл-
кен жауапкершілік жүктейді. Зерттеуші қатысушылардың жағдайын қорғауы аса
маңызды.
y
Бірқатар дағдыларды қажет ету.
Білікті зерттеуші болумен қатар, іс-әрекетке не-
гізделген зерттеумен айналысатын зерттеуші, істі соңына дейін жеткізетін ұйым-
дастырушы, тіл табысқыш, білікті келіссөз жүргізуші, келіспеушіліктерді шешудің
маманы, уақытын дұрыс басқарушы, стратег-жоспарлаушы, құжатты жақсы жүр-
гізуші және өзгерісті енгізуші ретінде ауыр жұмыстан қашпаңыз, себебі осының
бәрі маманның қабілетін дамытуды талап етуі мүмкін.
y
Меншік құқығы.
Зерттеуші жариялау құқығы және авторлық құқыққа қатысты мә-
селеге кезігуі мүмкін. Сондықтан зерттеу нәтижелерінің меншік құқығына қатыс-
ты келісім жасап алуы қажет.
(Тексеру тізімі қосымша уеб-саи�тта бар ).
Білім мен өзгеріске келгенде іс-әрекетке негізделген зерттеу «екі кеменің
құи�рығын ұстатқысы» келеді (мұның маңызы не, ең болмаса, біреуіне отыра
алмасаң, екі кеменің құи�рығын ұстағанның несі жақсы?). Ол сондаи�-ақ өзгелерге
құқық пен мүмкіндіктер беретіндеи� жұмыс істеуге жол ашады. Іс-әрекетке негіз-
делген зерттеудің қиындығы көп болcа да, жеке адамдардың және ұи�ымдардың
мақсатымен зерттеуші мақсаты қабысып жатса, тіптен жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: