Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition


Бірлескен іс-әрекетке негізделген зерттеу



Pdf көрінісі
бет223/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Бірлескен іс-әрекетке негізделген зерттеу
Бірлескен іс-әрекетке негізделген зерттеу (БІӘНЗ), кеи�де эмансипаторлық 
әрекетті талап ететін зерттеу немесе оңтүстік зерттеуі (жер шарының оңтүстік 
бөлігіндегі дамушы мемлекеттерде жұмыс істеу түсінігінен келіп шыққан) 
деп те аталады. Іс-әрекетке негізделген зерттеу аясында қарастырылады. 
Ол эмансипацияның мақсаттарына ие, бірақ өзгерістер әкелетін білім мен 
әрекет циклдеріне бағытталған зерттеу жүргізеді. Іс-әрекетке негізделген 
зерттеу эмансипаторлық мақсаттарға ие болатыны анық, бірақ БІӘНЗ бұл 
мақсаттарды әлдеқаи�да анығырақ етеді. Ол жергілікті білімді бағалауға қаты-
сады және халықты қысым көрсетуші жүи�е мен идеологиядан іргесін алшақ 
ұстаи�ды, оларды әшкерелеу арқылы мүмкіндіктерін кеңеи�туге тырысады. 
БІӘНЗ үгіт-насихат және іс-әрекет арқылы маргиналданған топтың әлеуметтік 
трансформациясына бағытталған даму саласындағы халықаралық зерттеуде 
көп кездеседі.
БІӘНЗ-дің мақсаты – циклдік және қатысушылыққа негізделген ауқымды 
процесс арқылы кешенді білім беру мен қызмет көрсету. Ол үстем идеологиялар 
мен жүи�елердің іс-әрекетті қалыптастыратын және шектеи�тін жолдарын жеңіл-
детуге, шынаи�ы беи�несін ашып көрсетуге тырысады, кедеи�шілікке, қысымға, 
қуғын-сүргінге және/немесе әділетсіздікке апаруы мүмкін күштерден маргинал-
дарды құтқарады. БІӘНЗ іс-әрекетке негізделген зерттеу қағидаларына, бірақ 
әлдеқаи�да эмансипаторлық өзекті мәселелердің ерекшеліктеріне сүи�енеді:
 
y
Іс-жүзіндегі мәселелермен айналысады
. Іс-әрекетке негізделген зерттеудегі сияқ-
ты, БІӘНЗ мүдделі тараптарға тікелей пайдалы білім мен әрекет ету үшін шынайы 
өмірлік мәселелермен айналысады. Көбінесе маргиналданғандардың мүмкіндік-
терін кеңейтеді, стратегиялық жоспарын жасауға және жүзеге асыруға тырысады. 
 
y
Білімді өндіреді.
БІӘНЗ жүйе ішін ғана сынамайды, сондай-ақ ол жүйенің өзін де 
сынайды. Ол билік пен басқарудың құралы ретінде білім өндірудегі саяси аспек-
тілердің шынайы бет пердесін ашып-көрсетуге тырысады. 
 
y
Өзгеріс әкеледі.
Барлық іс-әрекетке негізделген зерттеу процестеріне ортақ жағ-
дай, БІӘНЗ-дің тікелей мақсаты білім өндіру аясынан да ауқымды. Бұл мақсаттар 
биліктің әділетсіз қарым-қатынасын өзгерту арқылы эмансипация мен еркіндік-
ке қол жеткізуге ұмтылады.


241
Әдіснамаларды түсіну: баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегиялар
 
y
Қатысушы.
БІӘНЗ зерттелушімен жұмыс істейді. Ол маргиналданғандардың білімі 
мен тәжірибесіне құрмет көрсетілуге, құны бағалануға тиіс деп санайды, негізі-
нен, ескерусіз қалатын қабілеттер мен мәдени тәжірибелерге басымдық беруге 
тырысады. Сондай-ақ БІӘНЗ сыни сана (Freire, 1970) бағытында немесе қанал-
ғандардың санасының оянуы үшін жұмыс істейді. Олардың көзқарасы мен мүд-
делерін көздеп, білімі мен іс-әрекетін қалыптастыру қабілетін күшейту үшін әре-
кет етеді. Білім мен әрекетті туындатушы әдістер кең, эклектикалық, эмерджентті 
болады және Батыстың дәстүрлі зерттеу жүргізу жолдарымен шектелуі міндетті 
емес. Ән, поэзия, өнер, пьеса, тарих білімді қалыптастырушы және жасап шыға-
рушы тәсілдерге сәйкес салалар сияқты болып көрінуі мүмкін.
 
y
Циклдік процеске сүйенеді.
Іс-әрекетті талап ететін барлық зерттеу түрлері сияқ-
ты, БІӘНЗ жағдайды түсініп, бақылау, ойлану, жоспарлау және әрекет циклдері 
арқылы процесті жақсартуға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет