Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет224/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Сыни этнография
Этнографияны «мәдени топ қатысушыларының көзқарасы тұрғысынан 
өмір сүру салтын түсіну, сипаттау және түсіндіру мақсатында мәдени топтар-
ды зерттеу» деп сипаттауға болады. Сыни этнография, сондаи�-ақ радикалды 
этнография деп те аталады, оң өзгерістерге жол ашу мақсатында мәдени топ-
тардың маргиналдануына әділетсіз немесе репрессивті ықпал ететін өзекті 
саяси мәселені саралап, жағдаи�ды өзгертудің жолдарын көрсетеді. 
Сондықтан үстем немесе қазіргі қолданыстағы жүи�елер, шындығында, 
репрессияшыл немесе әділетсіз болса да, оны аи�қындау керек деген тұжырым 
бар. Сыни этнография білімнің саяси табиғатын және дүниетанымымызды 
қалыптастыратын үстем күштердің бет пердесін ашып көрсетуге талпынады. 
Дүниетанымды, идеологияны және билікті талдау арқылы сыни этнография 
сыни тұрғыда ои�лануды ұсынады, ауқымдырақ әлеуметтік-тарихи қағидалар 
негізінде бүгінгі жағдаи�дың контексін жасауға тырысады. Маргиналданғандарға 
да көмектесу үшін сыни санаға, құқықтар мен мүмкіндіктерге жол ашу бағы-
тында жұмыс істеи�ді. 
Дәстүрлі этнографиялық техникалар үстем парадигмалардың ықпалына 
қалаи� ұшырағанын ескерсек, көпшіліктің ои�ымен санасқан абзал. Сыни эт-
но графияның мақсаты – ішкі-сыртқы үстем жағдаи�ларды түсіндіру. Бірнеше 
тізбекті балама тұжырымдармен жұмыс істеу мақсатында мәдени тұжырым-
дардан бас тарту арқылы сыни этнография үстем парадигмаларды ұсынады. 
Еркіндікті әлдеқаи�да көбірек ұсынатын балама мен өмір шындығын көрсетеді
(10.2-қосымшаны қараңыз).
Расында, сыни этнографияның аса өзекті саяси мақсаты – үстем жүи�елерді 
эмансипациямен баи�ланыстырып, өзгеріске қол жеткізу. Томас (1993) әрекет 
ретіндегі этнографияның мүмкіндіктерін былаи� санамалаи�ды:


242
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
y
зерттеушілердің когнитивті қызметін өзгерту;
y
маргиналданғандардың даусына құлақ асу; 
y
өзгелермен қарым-қатынас орнатуға бастамашы болу, ол әлеуметтік сауатты-
лықты көтереді;
y
мақсаттас адамдардың ортасын қалыптастыру;
y
заңнамалық және/немесе саяси реформалардың орталығы болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет