236
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Іс-әрекетке негізделген зерттеу қиындықтары
Рас, іс-әрекетке негізделген зерттеу білімді өндіре алады және құқық пен
мүмкіндік беру арқылы өзгеріс жасаи�ды. Бірақ осы процеске қатысқан қаи�
Іс-әрекетке негізделген зерттеу мысалы
«Байырғы халық өкілдерінің оқу бітіру көрсеткішін жақсарту»
Зерттеуге қатысушылардың құқығы мен мүмкіндігін кеңейту практикалық зерт-
теуде аса маңызды. Сондықтан маргиналданған топтармен араласу үшін аса тиімді
әдіснама. Іс-әрекетті талап ететін «TAFE-дағы басты бағыттар бойынша байырғы ха-
лық өкілдерінің оқуды тамамдау көрсеткішін жақсарту» (Balatti et al., 2004) зерттеуін-
де авторлар білімді өндіру және өзгеріс әкелу үшін құрастырылған қатысушылық,
циклдік процестер арқылы Австралиялық TAFE-дағы байырғы халық өкілдерінен
шыққан студенттердің оқудан шығып кету көрсеткішінің жоғары болуына байланыс-
ты шынайы проблеманы көтеруге тырысқан. Зерттеу процесі барысында студенттер-
ден, басқармадан, қолдау көрсетуші кеңселерден, менеджерлер мен қауымдастық
мүшелерінен, оған қоса, делдалдар мен мәдени кеңесшілерден тұратын, 7–10 адам-
нан құралған әртүрлі мүдделі тараптардың төрт тобын жасап, оларға көмектесті.
Содан кейін, әр топ өз іс-әрекеттері арқылы жаңа білім өндіруге және (жаңа ұйым-
дық келісімдер, жаңа оқу бастамалары мен жеткізудің жаңа түрлері сияқты) өзгеріс-
ке ықпал етуге тырысып, процесті тіркеп, әрбір жеке мәселе бойынша жұмыс істеді.
10.1-сурет.
Байырғы халық өкілінен шыққан топтың университет бітіруі. Аризона штаты универ
-
ситетінің кітапханасы ұсынған
Balatti et at. еңбегі қосымша уеб-сайтта бар
.
Достарыңызбен бөлісу: