244
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Тағы бір күрделі сыни пікір – ісіне берілген, ынталы зерттеушілердің саяси
пікірін маргиналданғандарға телу қаупіне қатысты ои�. Зерттелуші қиындық
деп қабылданбаса, оларды мәселе деп қарастыруға бола ма? Еркіндік беру мен
эмансипациялауды мақсат етсе де, жағдаи�ды осылаи� түрлендіріп жіберуге зерт-
теушінің құқығы бар ма? Сыни сана ұдаи�ы өзін ақтаи� ала ма? Батыс ғалымдары
мәселе деп есептеген белгілі бір жаи�т сол мәдениет өкілдеріне мәселе болмауы
мүмкін. Эмансипаторлық зерттеу жүргізгендер зерттеушіге сондықтан да үлкен
жауапкершілік жүктеи�ді, олар «көрінетін», «тағаи�ындалатын» немесе «баи�ла-
натын» саяси өзекті мәселелерді талқылағанда абаи� болғаны жөн.
https://study.sagepub.com/oleary3e
Өзгеріске бастайтын зерттеумен айналысуға
шынымен де қызығамын,
бірақ оның нұсқалары өте көп. Таңдауды қалай жасасам болады?
Дұрыс аи�тасыз, нұсқалар өте көп. Жұмыс орнындағы іс-тәжірибеле-
рін жақсартуға тырысатын ұжымдық кеңселердегі атқарушы мамандар-
мен жиындарда отырып көрген, жолы болған жанмын; үкімет тегін та-
ратқан пестицидтерді шектен тыс қолдануды реттеуге тырысып жүріп,
Вьетнамдағы шаруалардың құжырасында танымал тұлғалармен қонағасы
іштім, ол да жолым болғыштығынан шығар, сірә! Осындаи� қарым-қатынас-
тарда өзгерістерге іштен үңіліп көрдім. Өзгеріске бағытталған зерттеу жүр-
гізгіңіз келсе, бірінші нені өзгерткіңіз келетінін анықтап алыңыз. Мәселе
неде және нені қалаи�сыз/қандаи� өзгерісті көргіңіз келеді? Содан соң ол
өзгеріс табиғатының зерттеуіңізбен баи�ланысы бары не жоғын анықта-
ңыз. Өзгеріске баи�ланысты кеңес ұсынасыз ба? Олаи� болса, қолданбалы/
баға беруші зерттеу туралы ои�ланыңыз. Зерттеуіңіздің бір бөлігі болып
есептелетін өзгеріс жасағыңыз келе ме? Онда іс-әрекетке негізделген зерт-
теуге назар салыңыз. Белгілі бір топқа шынаи�ы еркіндіктің берілуін және
эмансипацияны қалаи�сыз ба? Онда эмансипациялық зерттеу туралы ои�ла-
ныңыз. Бұл нұсқалар, шынымен де, шабыт сыи�лағанымен, қаржыландыру,
кеңесшінің қолдауы және уақыт мерзімі іспетті мәселелерді салмақтап
барып, практикалық аспектілерді қатаң түрде елеп-екшеп, «жеті рет өлшеп,
бір рет кесуіңіз» қажет.
Сұрағым бар