Іріктемелермен жұмыс істеудегі мүмкіндіктер
Сонымен, іріктемемен не үшін жұмыс істеи�мін деп шештіңіз? Іріктемелер
зерттеу процесін басқаруға мүмкіндік береді. Жиынтық қалпында бағалаи� ал-
маи�тын адамдар тобын, ұи�ымдарды, оқиғаларды және қолда бар материалдар-
ды іріктеме арқылы зерделеу оңаи�. Меи�лі сіздің негізгі жиынтығыңыз ауқым-
ды болсын, меи�лі ол шашыраңқы орналассын, меи�лі қолжетімді болмасын,
іріктеу сізге ауқымды негізгі жиынтықты зерделеуге мүмкіндік береді.
Іріктеу негізгі жиынтықты сенімді түрде репрезентациялау үшін де қолда-
нылуы мүмкін. Нәтижеңіздің ауқымды негізгі жиынтық репрезентациясының
статистикалық ықтималдығын есептеуге болады. Оны іріктеудің белгілі бір
стратегиялары арқылы жүзеге асырасыз. Зерттеуді жүзеге асыру мен сенім ту-
дыруда іріктеу өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |