Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет280/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Мүлде қоюға болмайтын сұрақтар
Жақсы сұрақ анық, түсінікті және бейтарап болуы керек. Сұрақтарды әзірлеу ке-
зінде мынадай қателіктерді жібермеген жөн:
1 2 . 5 - Қ О С Ы М Ш А


289
БАСТАПҚЫ ДЕРЕК: сауалнама, сұхбат және бақылау
Нашар құрастырылған сұрақтар 
 
y
Күрделі терминдер мен ауыр тіл
. Ұзын-сонар сөйлемнен қорқатын адамдар бар. 
Аса қажет болмаса, оны қолданбаңыз. Өте күрделі ғылыми оралымдар түсініксіз-
дікке, ұзақ-сонар сөйлемдер шатасуға алып келуі мүмкін.
 
y
Анық емес сұрақтар
. Бірдеңеге сілтеме жасаудың түрлі жолдары бар, сондықтан 
қойған сұрағыңыз анық болмай қалуы әбден мүмкін. Мысалы, «Отбасыңыз қан-
шалықты үлкен?» және «Есірткі қолданасыз ба?» деген сұрақтарды қарастырайық. 
Нуклеарлық отбасы бар және әулет бар, ал ажырасқан ата-аналардың балалары 
өздерін екі отбасының да мүшесімін деп ойлауы ықтимал. Сол сияқты, ағылшын 
тіліндегі drug сөзі «есірткі» әрі «дәрі» деген мағына береді. Кей респонденттер 
есірткі туралы, ал басқалары рецептімен берілетін дәрі туралы ойлауы мүмкін. 
Мұнда алкоголь мен темекі де қарастырыла ма, ол жағын білу мүмкін емес.
 
y
Болымсыз сөйлем.
Мен де болымсыз сөйлеммен тұрған сұраққа жауап беруге 
қиналамын. Келісемін/келіспеймін жауабын қарастырайық. «Жұмысыңызға қа-
нағаттанбайсыз ба?» деген сауал келді. Жұмысыңызға қанағаттансаңыз – «ке-
ліспеймін» деп жауап бересіз, ал бұл көптеген адамды шатастырады.
 
y
Қосарланған сұрақтар.
Бір сауалдың ішінде бірнеше мәселені сұрау. Мысалы, 
«Президентті адал әрі тиімді жұмыс істейтін көшбасшы деп санайсыз ба?» деген 
сұрақты алайық. Респондент «иә, тиімді жұмыс істейді, бірақ ол адал емес» деп 
ойлауы мүмкін.
Біржақты, жетелеуші немесе ауыр сұрақтар 
 
y
Шындыққа ұқсас мәлімдеме.
Шындық болып көрінетіндіктен, оңай келісуге бола-
тын пікір болады. Олар көбінесе «келісемін/келіспеймін» деген нұсқада келеді. 
«Осы күні адамға сену қиын» және «түрлі қиын жағдайлар болады, бірақ айнала-
ңыздан әрдайым сенім артатын адам табылады» деген пікірлерді алайық. Ақылға 
қонымды болғандықтан, бір-біріне қарама-қайшы екі пікірмен де жұрттың көбі 
келіседі, яғни «келісемін» деп жауап беретіндердің саны басым болмақ. 
 
y
Келіспеу қиын мәлімдеме.
Респондент «иә, бұл дұрыс, бірақ...» деп ойлауы мүм-
кін. Алайда респондентке мүмкіндік берілмегендіктен, ол келісуге немесе келіс-
пеуге мәжбүр. «Анасы апта бойы үйде болса, бұл бала үшін жақсы» деген сөйлем 
соған мысал бола алады.
 
y
Жетелеуші сұрақ.
Респондентті белгілі бір бағытқа қарай жетелеуші сұрақ бай-
қаусызда немесе саяси мақсатпен әдейі жасалуы мүмкін. Келісу/келіспеу сұ-
рағындағы сөз қолданысының жауапқа қалай ықпал ететінін қарастырайық: 
«жойылу алдында тұрған, қорғансыз түрлерді айуандықпен қырып-жоюдан қор-
ғау – үкімет көңіл бөлуі керек маңызды мәселе» деген сөйлем мен «үкімет био-
логиялық әртүрлілікті қорғауға басымдық беруі керек» деген сөйлемді салысты-
рыңыз; «аналар дүниеге келмеген баласын өлтіруге құқылы» және «әйелдер өз 
тәніне қатысты таңдауды өзі жасай алу керек» деген сөйлемді салыстырыңыз. 
Респондент үшін қиын сұрақ 
 
y
Еске түсіру қиын сұрақ.
«Қанша жігітіңіз/қызыңыз болған еді?» деген сияқты кі-
сінің жадын тексеретін сұрақтар бар. Маңызы не уақыт шегі көрсетілмесе, бұл 
сұраққа берілген жауаптың көбі қате болады. 


290
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Осы нұсқаулықпен жұмыс – шаруаның басы ғана, бірақ бұл жеткіліксіз. 
Сұрақты даи�ындағаннан кеи�ін тәжірибелі зерттеушіге көрсетіп алыңыз. Сіз 
баи�қамаған олқылықты олар көруі мүмкін. Сұрақтарыңызды құрдастарыңызға 
қою арқылы да сынап көріңіз. Онда шатастыру, намысқа тию, белгілі бір бағытқа 
жетелеу ниетіңіз бар ма, әлде жоқ па, мұны құрдастарыңыз аи�тып береді. Фидбәк 
негізінде сұрақтарыңызға өзгерістер жасаған соң, пилоттық зерттеу жүргізу 
керек. Іріктемеңізге сәи�кес келетін, нақты жауап алатын кішігірім топқа сауал-
намаңызды таратыңыз. Есте сақтаңыз, түптеп келгенде, сіздің, жетекшіңіздің 
немесе әріптесіңіздің сөзі емес, респонденттердің пікірі маңызды.
Жауап санаттары
Мүмкіндігінше анық және оңаи� сұрақ қою жеткіліксіз, жақсы сауалнама 
және оның деректері сіз қолданатын жауап санатына баи�ланысты. Бұл жерде 
қарастыратын жаи�т көп. Біріншіден, сіз жинаи�тын дерекке жауап санатының 
ықпалы зор. Мысалы, иә/жоқ нұсқалы сұрақтарға «сенімді емеспін» деген нұс-
қаны қоссаңыз, нәтижеңізге әсер етеді. Екіншіден, әртүрлі типтегі жауап санаты 
әртүрлі типтегі өлшем шкаласымен дерек жинаи�ды. Ал әртүрлі типтегі өлшем 
шкаласымен жиналған дерек статистикалық ерекше өңдеуді қажет етеді. Шын 
мәнінде, номинал, ординал, интервал және қатынас деректерінің аи�ырмашылы-
ғын түсіну (14-тарауда талқыланады) сауалнама қалыптастыру процесін, әсіресе 
жауап санатын анықтау процесін жеңілдетеді. Қолданатын деректі тапқанға 
деи�ін, оның типі мен сауалнама қалыптастыру процесі арасындағы баи�ланыс 
абстрактілі көрінуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет