288
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
y
Гуттман шкаласы.
Мамандар концепцияға лайықты сөйлемдердің әрбірі үшін
«иә», ал концепцияға лайықты емес сөйлемдердің әрбірі үшін «жоқ» деген жауап
қолданады. Содан кейін зерттеуші барлық элементтерге қатысты респондент-
тердің жауаптарын көрсететін кестені құрастырады және оны матрица бойынша
саралайды. Мәлімдемелердің көп бөлігімен келісетін респонденттер матрица-
ның жоғары жағында, ал мәлімдемелердің аз бөлігімен келісетін респонденттер
матрицаның төменгі жағында көрсетіледі. Мақсат – тізімдегі кез келген нақты
сұраққа келіскен респондент алдыңғы сұрақтарға да келісуге тиіс элементтер
жиынтығын қалыптастыру. Респонденттің балы 3 болса, бұл оның алғашқы үш
мәлімдемемен келіскенін білдіруі керек. Ал респонденттің балы 7 болса, бұл
оның алғашқы жеті мәлімдемемен келіскенін білдіреді. Осы іріктемеге толық
сәйкес келетін элементтер жиынтығын (шкалограмма талдау арқылы жасалады)
табу керек.
Шкала жасағанда респонденттерден өздері келіскен элементтерді тексеруін
сұрайды. Әрбір элементтің өзімен байланысты шкала мәні бар (шкалограмма
талдау арқылы алынған) және жалпы бағалау үшін тексерілген әрбір респондент-
тің шкала балдарын қосады.
y
Тростон шкаласы.
Мамандар 1-ден 11-ге дейінгі әрбір элементті бағалайды. Бұл
жерде 1 концепцияға қатысты лайықты емес, ал 11 концепцияға қатысты өте
лайықты деген ұғым бар. Зерттеуші әрбір элемент үшін медиана мен квартиль
аралықты есептеп шығарады, медиана диапазондарының арасында тең интер-
валдары болатын және шағын диапазоны бар мәлімдемелерді таңдайды (бұл
мамандар арасындағы келісімнің басымдығын көрсетеді). Мұнда адамдардың
континуум бойынша қалай орналасқанын өлшеу үшін бір өлшегіш қалыптасты-
руды мақсат етеміз. Жоғары медицинадағы элементтер концепцияға қатысты
неғұрлым қолайлы пікірді көрсетуі керек.
Шкаланы жүргізгенде респонденттердің әрбір мәлімдемемен келісетінін/
келіспейтінін сұрау қажет. Жалпы бағалау үшін респонденттер келіскен барлық
элементтердің медианаларының ортасын аласыз.
Сұрақтар әзірлеу
Бір сұрақты қоюдың бірнеше тәсілі бар. Шын мәнінде, мүмкіндік шексіз.
Басты мәселе – сұрақтар арасындағы білінетін не білінбеи�тін аи�ырмашылық-
тың алынған дерекке әсер ету мүмкіндігі. 12.5-қосымшада сұрақтар әзірлеуге
қатысты ең басты ережелердің қысқаша мазмұнын ұсындық.
Достарыңызбен бөлісу: